О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 августа 2006 года N 778
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 августа 2006 года N 778
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы N 778 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 938
- Қабылданған күні
- 12.10.2007
- Көрсетілген редакция
- 06.10.2016 AI35257_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.10.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P070000938_
- ЭКБ идентификаторы
- 35257
- Редакция идентификаторы
- AI35257_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:59
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы N 778 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 тамыздағы N 778 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 30, 330-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу ережесінде:
2-тармақта "орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының," деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Нормативтік құқықтық кесімнің Ереженің 2-тармағында белгіленген өлшемдерге сәйкестігін Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдары айқындайды.";
8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Нормативтік құқықтық кесім бірнеше мүдделі мемлекеттік органмен келісілген (қол қойылған) жағдайда, нормативтік құқықтық кесім мүдделі мемлекеттік органдардың соңғысы келіскен (қол қойған) күннен бастап екі апта ішінде мемлекеттік тіркеуге ұсынылады.";
9-тармақ мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
"Нормативтік құқықтық кесімді қабылдаған орган сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда ілеспе хатта сараптамалық қорытындымен келіспеу себептеріне дәлелді негіздеме келтіруге тиіс.";
15-тармақтың бірінші абзацы "осы Ережеде" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ Нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеу және келісу ережесінде" деген сөздермен толықтырылсын;
16-тармақта "3)" деген сан "4)" деген санмен ауыстырылсын.