О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 17 июня 2006 года № 134 "Об утверждении формы представления информации о сделках банков второго уровня с лицами, связанными с ними особыми отношениями"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 17 июня 2006 года № 134 "Об утверждении формы представления информации о сделках банков второго уровня с лицами, связанными с ними особыми отношениями"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің олармен айрықша қатынаста болатын тұлғалармен жасаған мәмілелері туралы ақпаратты ұсыну нысандарын бекіту туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы № 134 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 173
- Қабылданған күні
- 29.10.2008
- Көрсетілген редакция
- 15.07.2010 AI42619_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.07.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V080005387_
- ЭКБ идентификаторы
- 42619
- Редакция идентификаторы
- AI42619_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:41
0
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің олармен айрықша қатынаста болатын тұлғалармен жасаған мәмілелері туралы ақпаратты ұсыну нысандарын бекіту туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы N 134 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Агенттік Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің олармен айрықша қатынаста болатын тұлғалармен жасаған мәмілелері туралы ақпаратты ұсыну нысандарын бекіту туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы N 134 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4298 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 155 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4803 тіркелген, 2007 жылдың шілде-тамызда Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) енгізілген өзгерісімен бірге мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-қосымшада:
"есепті кезең аралығына жасалған, сондай-ақ есепті күнгі жағдай бойынша қолданылатын, банкпен айрықша қатынаста болатын тұлғалармен жасалған мәмілелер туралы ақпарат" бірінші кестеде:
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"
Шарт бойынша мәміле сомасы (мың теңгемен)
7
";
мынадай мазмұндағы 14-1-баған мен толықтырылсын :
"
Есепті күндегі ағымдағы қалдық (мың теңгемен)
14-1
";
"Ішкі аудит қызметі басшысы _____________" деген сөздер алынып тасталсын ;
екінші кестедегі "Ішкі аудит қызметі басшысы ________________" деген сөздер алынып тасталсын .