О внесении дополнений и изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 17 июня 2006 года № 136 "Об утверждении Правил представления отчетности о выполнении пруденциальных нормативов банками второго уровня"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений и изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 17 июня 2006 года № 136 "Об утверждении Правил представления отчетности о выполнении пруденциальных нормативов банками второго уровня"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы № 136 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 259
- Қабылданған күні
- 29.12.2009
- Көрсетілген редакция
- 08.05.2015 AI50632_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.05.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V090006034_
- ЭКБ идентификаторы
- 50632
- Редакция идентификаторы
- AI50632_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:26
0 Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы № 136 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Агенттік Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 маусымдағы № 136 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4301 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесінде:
1-қосымша:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 11-1-жолмен толықтырылсын:
«
11-1
Міндеттемелерді қайта құрылымдаудан алынған есептік жылдағы ағымдағы кірістер
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 24-1, 24-2, 24-3-жолдармен толықтырылсын:
«
24-1
Банктің шартты және ықтимал міндеттемелері
24-2
Банктің шартты және ықтимал міндеттемелері бойынша провизиялар
24-3
Активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер бойынша банкке ақша және тазартылған қымбат металл түрінде берілген қамтамасыз ету
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 50-1, 50-2-жолдармен толықтырылсын:
«
50-1
«Стрессті активтер қоры» акционерлік қоғамының арнаулы қаржы компаниясына берілген секьюритилендірілген кредиттердің жиынтық сомасы
50-2
«Стрессті активтер қоры» акционерлік қоғамының арнаулы қаржы компаниясына берілген секьюритилендірілген кредиттердің барынша жоғарғы сомасының коэффициенті
»;
2-қосымша:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 69-2-жолмен толықтырылсын:
«
69-2
«Стрессті активтер қоры» акционерлік қоғамының арнаулы қаржы компаниясы шығарған бағалы қағаздар
100
»;
22-қосымшада:
реттік нөмірі 6-1-жолдың екінші бағанасы «бас банкі алдындағы» деген сөздерден кейін «бір жылға дейін өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-3-жолмен толықтырылсын:
«
6-3
Бір жылдан астам өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен Қазақстан Республикасының резиденті емес бас банкі алдындағы ұзақ мерзімді реттелген борыштық міндеттемелер
»;
реттік нөмірі 18-жолдың екінші бағанасындағы «банкпен» деген сөз «Қазақстан Республикасының резиденттері еместен» деген сөздермен ауыстырылсын;
23-қосымшада:
реттік нөмірі 8406-жолдың екінші бағанасы «бас банкінің алдындағы» деген сөздерден кейін «бір жылға дейін өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 8416, 8417, 8418, 8419, 8420, 8421, 8422, 8423, 8424, 8425, 8426-жолдармен толықтырылсын:
«
8416
Банктің арнаулы мақсаттағы еншілес ұйымдарының салымдарын және банкаралық салымдарды қоспағанда, Астана мен Алматы қалаларынан тыс тіркелген, жеке және заңды тұлғалардан қабылданған депозиттердің сомасы
ай сайын
8417
Банктің арнаулы мақсаттағы еншілес ұйымдарының салымдарын және банкаралық салымдарды қоспағанда, өзге депозиттер
ай сайын
8418
Банкаралық кредиттерді және «Кері РЕПО» операцияларын қоспағанда, Астана мен Алматы қалаларынан тыс тіркелген, банкпен аффилиирленбеген заемшыларға берілген кредиттердің сомасы
ай сайын
8419
Банкаралық кредиттерді және «Кері РЕПО» операцияларын қоспағанда, өзге кредиттер
ай сайын
8420
Кастодиандық шарт талаптарымен Қазақстан Республикасының резиденттері емесінен алынған қаражаттың инвестицияланбаған қалдығы
ай сайын
8421
Кастодиандық шарт талаптарымен Қазақстан Республикасының резиденттерінен алынған қаражаттың инвестицияланбаған қалдығы
күн сайын
8422
Бір жылдан астам өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен Қазақстан Республикасының резиденті емес бас банкі алдындағы ұзақ мерзімді реттелген борыштық міндеттемелер
ай сайын
8423
Міндеттемелерді қайта құрылымдаудан алынған есептік жылдағы ағымдағы кірістер
ай сайын
8424
Активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер бойынша банкке ақша және тазартылған қымбат металл түрінде берілген қамтамасыз ету
ай сайын
8425
«Стрессті активтер қоры» акционерлік қоғамының арнаулы қаржы компаниясына берілген секьюритилендірілген кредиттердің жиынтық сомасы
ай сайын
8426
«Стрессті активтер қоры» акционерлік қоғамының арнаулы қаржы компаниясы шығарған бағалы қағаздар
ай сайын
».
2
2. Осы қаулының 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының алтыншы, жетінші абзацтарын және жиырма бірінші абзацтың реттік нөмірі 8424-жолын қоспағанда, осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Осы қаулының қолданысы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға таралады.