Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 августа 2006 года № 778 "Об утверждении Правил государственной регистрации нормативных правовых актов"

Қаулы · № 1173 · қабылданған 08.11.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2006-no-778-ekb-75182/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 августа 2006 года № 778 "Об утверждении Правил государственной регистрации нормативных правовых актов" Күшін жойған Қаулы ·№ 1173 ·08.11.2013
06.10.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.10.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 августа 2006 года № 778 "Об утверждении Правил государственной регистрации нормативных правовых актов"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1173 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 августа 2006 года № 778 "Об утверждении Правил государственной регистрации нормативных правовых актов"
Атауы (қаз.)
"Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1173
Қабылданған күні
08.11.2013
Көрсетілген редакция
06.10.2016 AI75182_2.kaz
Соңғы өзгеріс
06.10.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300001173
ЭКБ идентификаторы
75182
Редакция идентификаторы
AI75182_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:56

0 "Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 30, 330-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын және мемлекеттік құпияларды қамтитын актілерді қоспағанда, осы Қағидалардың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жатады.";
3-тармақ алынып тасталсын;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Егер нормативтік құқықтық актілер:
1) азаматтардың заңда белгіленген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірсе;
2) заңды тұлғалардың заңды мүдделерін бұзса;
3) жоғары деңгейде тұрған нормативтік құқықтық актілерге қайшы келсе;
4) нормативтік құқықтық актіні шығарған орган құзыретінің шегінен тыс болса;
5) мүдделі органдармен келісілмесе;
6) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғаса және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері ұсынған сараптамалық қорытындылар түріндегі қосымшалары болмаса;
7) мемлекеттік тіркеу қағидаларында белгіленген, сондай-ақ мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу мен келісу тәртібін бұза отырып қабылданса, мұндай актілерді мемлекеттік тіркеуден бас тартылады.
Бас тарту туралы бас тартудың негіздері көрсетіле отырып, нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуге ұсынған органға жазбаша хабарланады.
Мемлекеттік тіркеуден бас тартқан жағдайда нормативтік құқықтық актінің бір данасы (көшірмесі) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде немесе оның аумақтық органында қалады.
Мүдделі мемлекеттік орган мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтік құқықтық актіні тіркеуден бас тартуға сот тәртібімен шағым жасай алады.".

2 2. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы