О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 августа 2006 года № 778 "Об утверждении Правил государственной регистрации нормативных правовых актов"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 августа 2006 года № 778 "Об утверждении Правил государственной регистрации нормативных правовых актов"
- Атауы (қаз.)
- "Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 157
- Қабылданған күні
- 26.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 06.10.2016 88180_283059.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.10.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1500000157
- ЭКБ идентификаторы
- 88180
- Редакция идентификаторы
- 88180_283059
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:53
0 «Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 17 тамыздағы
№ 778 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. «Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 17 тамыздағы
№ 778 қаулысына Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 30,
330-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
6-тармақтың бірiншi бөлiгінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) тiркелген нормативтiк құқықтық актілердiң:
бiр данасын (төлнұсқасы) нормативтiк құқықтық актінi ұсынған органға;
екiншi данасын Республикалық құқықтық ақпарат орталығына (бұл тәртiп мемлекеттiк құпияны қамтитын нормативтiк құқықтық актілерге қолданылмайды) жіберуді қамтиды;
нормативтiк құқықтық актінiң үшiншi данасы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде немесе оның аумақтық органдарында қалады.»;
8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, осы орган басқармасының отырысында осы актілер қабылданған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күннің ішінде ұсынылатын нормативтік құқықтық актілерін қоспағанда, орталық органдардың, олардың ведомстволарының және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына бекiтiлген күнінен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі төлнұсқасын (түпнұсқа мәтіндерін) қоса алғанда, үш данада баспа және электрондық түрде ұсынылады.»
14-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғаса және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері ұсынған сараптамалық қорытындылар түріндегі қосымшалары болмаса;»;
15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) нормативтiк құқықтық актiнi елтаңбалық мөрмен расталған баспа және электрондық түрде немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi төлнұсқасын (түпнұсқа мәтiндерiн) қоса алғанда, үш данада ұсынбау;».