О внесении изменения в решение маслихата города Астаны от 17 октября 2007 года N 15/4-IV "О Правилах оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Астаны в связи с удорожанием цен на продукты питания"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение маслихата города Астаны от 17 октября 2007 года N 15/4-IV "О Правилах оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Астаны в связи с удорожанием цен на продукты питания"
- Атауы (қаз.)
- Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 15/4-ІV "Азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы туралы" шешіміне өзгерту енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 51/8-IV
- Қабылданған күні
- 30.01.2008
- Көрсетілген редакция
- 13.12.2010 AI38191_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.12.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08A000492_
- ЭКБ идентификаторы
- 38191
- Редакция идентификаторы
- AI38191_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:07
0 Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 15/4-ІV "Азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы туралы" шешіміне өзгерту енгізу туралы
Астана қаласы әкімдігінің азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы Қағидасына өзгертулер енгізу туралы ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 6-бабын және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Заңның 8-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 15/4-ІV"Азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 05 қарашада 476 нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 08 қарашада N 183, 2007 жылғы 10 қарашада N 184 "Астана хабары", 2007 жылғы 06 қарашада N 177, 2007 жылғы 10 қарашада N 179 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерту енгізілсін:
Осы шешіммен бекітілген Азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасында:
6-тармақтағы "2007 жылдың 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейінгі мерзімде" деген сөздер алынып тасталсын.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді және 2008 жылғы 1 қаңтарда туындаған қатынастарға қолданылады.
Астана қаласы мәслихатының
сессия төрағасы
Астана қаласы мәслихатының
хатшысы