Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 17 октября 2007 года N 16/4-IV "О Правилах оказания социальной помощи отдельным категориям граждан города Астаны"

Ереже · № 50/8-IV · қабылданған 30.01.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2007-n-164-iv/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 17 октября 2007 года N 16/4-IV "О Правилах оказания социальной помощи отдельным категориям граждан города Астаны" Күшін жойған Ереже ·№ 50/8-IV ·30.01.2008
13.12.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 17 октября 2007 года N 16/4-IV "О Правилах оказания социальной помощи отдельным категориям граждан города Астаны"

Күшін жойған Ереже ·№ 50/8-IV · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 17 октября 2007 года N 16/4-IV "О Правилах оказания социальной помощи отдельным категориям граждан города Астаны"
Атауы (қаз.)
Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 16/4-ІV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" шешіміне өзгертулер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
50/8-IV
Қабылданған күні
30.01.2008
Көрсетілген редакция
13.12.2010 AI38190_2.kaz
Соңғы өзгеріс
13.12.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08A000491_
ЭКБ идентификаторы
38190
Редакция идентификаторы
AI38190_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:07

0 Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 16/4-ІV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" шешіміне өзгертулер енгізу туралы

Астана қаласы әкімдігінің Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы Қағидаларына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ұсынысын қарап, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 8-бабын және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 16/4-ІV"Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 23 қарашада 478 нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 29 қарашада N 187 "Вечерняя Астана", 2007 жылғы 29 қарашада N 192-194 "Астана хабары" газеттерінде жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:
Осы шешіммен бекітілген Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасында:

61 61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

61 61. Коммуналдық және өзге де қызметтерді төлеуге ақшалай төлем түрінде:

1 1) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне ай сайын 4,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

2

2) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 8-баптарында мәртебесі берілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдер бойынша теңестірілген адамдарға ай сайын 2,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде Әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген Әлеуметтік көмек 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап көрсетіледі";
62-тармақтың 1) тармақшасындағы "2000 (екі мың)" деген сандар және сөздер "3000 (үш мың)" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді және 2008 жылғы 1 қаңтарда туындаған қатынастарға қолданылады.

Астана қаласы мәслихатының
сессия төрағасы
Астана қаласы мәслихатының
хатшысы

Қолданыстағы