О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Астаны от 17 октября 2007 года N 16/4-ІV "О Правилах оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Астаны"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Астаны от 17 октября 2007 года N 16/4-ІV "О Правилах оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Астаны"
- Атауы (қаз.)
- Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 16/4-IV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 116/18-IV
- Қабылданған күні
- 09.07.2008
- Көрсетілген редакция
- 13.12.2010 AI41559_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.12.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08A000542_
- ЭКБ идентификаторы
- 41559
- Редакция идентификаторы
- AI41559_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:08
0 Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 16/4-IV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Заңының 8-бабын және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 16/4-IV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" шешіміне (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 23 қарашада N 478 болып тіркелген, 2007 жылғы 29 қарашадағы N 192-194 "Астана хабары", 2007 жылғы 29 қарашадағы N 187 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған, Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 50/8-IV "Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 16/4-IV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімімененгізілген өзгерістермен қоса (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 3 наурызда N 491 болып тіркелген, 2008 жылғы 8 наурыздағы N 32-33 "Астана хабары", 2008 жылғы 8 наурыздағы N 27 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидаларында:
мәтіндегі "Департамент", "Департаментпен", "Департаментіне" деген сөздер "Басқармасы", "Басқармамен", "Басқармасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
8 8 тармақ 6-1) тармақшасымен мынадай мазмұнда толықтырылсын:
6-1
"6-1) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кетті деп танылуына, олар өлді деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруына, оның ішінде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерінен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған балалар;".
19-тармақтың 1)-тармақшасында "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-8-баптарымен мәртебесі анықталған" деген сөздер алынып тасталсын;
21 21-тармақ "азаматтарға" деген сөзінен кейін ", жеке куәлікті және жол жүру билетін пайдалану құқығы расталған куәлік көрсеткен кезде" деген сөздермен толықтырылсын;
47-тармақта:
2 2)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
2
"2) салынған жеке тұрғын үйде тіркелген және тұратын Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, сондай-ақ "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 8-баптарымен мәртебесі анықталған жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға - ақшалай түрінде беріледі.";
47 тармақтың екінші бөлімі "беріледі" сөзінен кейін ", тұрғылықты жерін ауыстырған жағдайда осы құқығы тағы да ұсынылады";
48-тармақта "тілек білдірген" деген сөздер алынып тасталсын;
54 54-тармақ мынадай мазмұнды абзацпен толықтырылсын:
"Тұрғын үй газбен жабдықталмаған, ал электр қуатын тамақ дайындау үшін қолданылатыны жөнінде құжат болғанда газбен жабдықтау жөнінде төмендегі нормативтері шегінде - 200 кВт адамға газға төленетін төлем есебіне электр қуатына белгіленген шамадан жоғары төлейді, бірақ 400 кВт үйге астам емес.";
59 59-тармақ "көмек" деген сөзінен кейін "өтініш берген айдан бастап" деген сөздермен толықтырылсын;
61-1 61-1-тармақ мынадай мазмұны жазылсын:
61-1 "61-1. Коммуналдық қызметтерді төлеуге Әлеуметтік көмекке құқығы бар бірнеше адамдар бір тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелген жағдайда Әлеуметтік көмек тек қана біреуіне беріледі.".
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Астана қаласы
мәслихатының сессия төрағасы С.Богатырев
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы В.Редкокашин