Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в решение маслихата города Астаны от 17 октября 2007 года № 16/4-IV "О Правилах оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Астаны"

Ереже · № 345/46-IV · қабылданған 21.04.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2007-no-164-iv/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении дополнений в решение маслихата города Астаны от 17 октября 2007 года № 16/4-IV "О Правилах оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Астаны" Күшін жойған Ереже ·№ 345/46-IV ·21.04.2010
13.12.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в решение маслихата города Астаны от 17 октября 2007 года № 16/4-IV "О Правилах оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Астаны"

Күшін жойған Ереже ·№ 345/46-IV · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в решение маслихата города Астаны от 17 октября 2007 года № 16/4-IV "О Правилах оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Астаны"
Атауы (қаз.)
Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы № 16/4-IV «Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
345/46-IV
Қабылданған күні
21.04.2010
Көрсетілген редакция
13.12.2010 AI52499_2.kaz
Соңғы өзгеріс
13.12.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10A000628_
ЭКБ идентификаторы
52499
Редакция идентификаторы
AI52499_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:21

0 Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы № 16/4-IV «Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның 6-бабын, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Заңның 8-бабын басшылыққа ала отырып Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы № 16/4-IV «Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 23 қарашада № 478 болып тіркелген, 2007 жылғы 29 қарашада № 187 «Вечерняя Астана», 2007 жылғы 29 қарашада № 192-194 «Астана хабары» газеттерінде жарияланған) шешімінекелесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидаларында:

9 9-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

7 «7) Астана қаласының жүріп-тұруы қиын мүгедектерін тасымалдау.»;

2 2-бөлім мынадай мазмұндағы 8-тараумен толықтырылсын:

8 «8-тарау. Астана қаласының жүріп-тұруы қиын мүгедектерін тасымалдау

43-13 43-13. Астана қаласының жүріп-тұруы қиын мүгедектерін, яғни арбамен жүретін мүгедектерді тасымалдау қызметтері Жеткізушінің мамандырылған көлігімен қала шегінде жүзеге асырылады.

43-14

43-14. Жеткізуші диспетчерлік қызметтің үздіксіз жұмыс істеуін, мамандырылған көліктің техникалық жарамдылығын, автомобильді «Мүгедектер таксиі» деген жазумен және диспетчерлік қызметтің телефондарымен, жол жүрудің қауіпсіз әрі ыңғайлы жағдайын және мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа сәйкес басқа да жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.

43-15 43-15. Тасымалдау Жеткізушінің диспетчерлік қызметінің телефонына келіп түскен мүгедектердің өтініштеріне сәйкес тәулік бойы жүзеге асырылады. Өтініште төмендегідей мәліметтер көрсетіледі:

1 1) мүгедектің аты-жөні;

2 2) мүгедектік тобы;

3 3) зейнеткерлік куәлігінің нөмірі;

4 4) тұратын мекен-жайы (шақыру кезінде тұрған мекен-жайы);

5 5) баратын жерінің мекен-жайы;

6 6) жеткізілетін уақыты;

7 7) ілестіріп жүретін тұлғаның қажеттілігі (қажет еместігі);

8 8) байланыс телефоны.

43-16 43-16. Тасымалдау қызметі бір мүгедекке жалпы жалғасымдығы күніне төрт сағаттан көп емес және бір реттік уақыты екі сағаттан көп емес мөлшерде ұсынылады.

43-17 43-17. Егер мүгедекте ілестіріп жүретін тұлға болмаса, ол қызметті Жеткізуші қамтамасыз етеді.

43-18 43-18. Жол жүру аяқталғаннан кейін мүгедек жолаушы Жеткізуші ұсынған көрсетілген қызметтер тізіліміне тапсырыстың орындалуы туралы қолын қояды.

43-19 43-19. Жеткізуші ай сайын келесі айдың 5-не дейін Әкімшіге 43-15 тармақта көрсетілген мәліметтерді және қызмет көрсетудің жалғасымдығы туралы мәліметтерді қамтитын актілер мен көрсетілген қызметтер тізілімін ұсынады.».

2 2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласы
мәслихатының сессия төрағасы                         Ю. Келигов
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы                              В. Редкокашин

Қолданыстағы