О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Астаны от 17 октября 2007 года № 16/4-ІV "О Правилах оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Астаны"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Астаны от 17 октября 2007 года № 16/4-ІV "О Правилах оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Астаны"
- Атауы (қаз.)
- Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 16/4-IV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 187/30-IV
- Қабылданған күні
- 29.01.2009
- Көрсетілген редакция
- 13.12.2010 AI44333_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.12.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09A000563_
- ЭКБ идентификаторы
- 44333
- Редакция идентификаторы
- AI44333_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:54
0 Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 16/4-IV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 6-бабын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңын басшылыққа ала отырып Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 16/4-IV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 23 қарашада N 478 болып тіркелген, 2007 жылғы 29 қарашадағы N 187 "Вечерняя Астана", 2007 жылғы 29 қарашадағы N 192-194 "Астана хабары" газеттерінде жарияланған), 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 50/8-IV "Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 16/4-IV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" шешіміне өзгертулер енгізу туралы" (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 3 наурызда N 491 болып тіркелген, 2008 жылғы 8 наурыздағы N 27 "Вечерняя Астана", 2008 жылғы 8 наурыздағы N 32-33 "Астана хабары" газеттерінде жарияланған), 2008 жылғы 9 шілдедегі N 116/18-IV"Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 16/4-IV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 15 тамызда N 542 болып тіркелген, 2008 жылғы 21 тамыздағы N 99 "Астана ақшамы", 2008 жылғы 21 тамыздағы N 102 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидаларында:
19-тармақтың 3) тармақшасындағы "бірінші және екінші топтағы" деген сөздер алынып тасталсын;
24-тармақтың екінші азатжолын "анықтамасы" деген сөзден кейін "ұрланған (жоғалған) жеңілдікті жол жүру билетін жарамсыз деп тану туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
31-тармақта:
"(Республика күні - )" деген сөзден кейін "мұқтаж" деген сөзбен толықтырылсын;
келесі мазмұндағы оныншы азатжолымен толықтырылсын:
"6 шілде (Астана күні) - табысы аз отбасыларға азық-түлік жиынтығы мен мерекелік түске ас түрінде";
66-тармақта:
1 1) тармақшадағы "1000 (бір мың)" деген сандар мен сөздер "3000 (үш мың)" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
2 2) тармақшаның екінші азатжолындағы "5000 (бес мың)" деген сандар мен сөздер "10000 (он мың)" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
2 2) тармақшаның үшінші азатжолындағы "3000 (үш мың)" деген сандар мен сөздер "4000 (төрт мың)" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
3 3) тармақшадағы "1000 (бір мың)" деген сандар мен сөздер "2000 (екі мың)" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
5 5) тармақшадағы "1000 (бір мың)" деген сандар мен сөздер "1500 (бір мың бес жүз)" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
6 6) тармақшадағы "1000 (бір мың)" деген сандар мен сөздер "1500 (бір мың бес жүз)" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Астана қаласы
мәслихатының сессия төрайымы Н. Петухова
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы В. Редкокашин