О внесении изменений и дополнения в решение от 17 июля 2007 года № 24/385-III "Об утверждении Правил забора воды из поверхностных и подземных водных объектов при нецентрализованном питьевом и хозяйственно-бытовом водоснабжении населения Восточно-Казахстанской области"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение от 17 июля 2007 года № 24/385-III "Об утверждении Правил забора воды из поверхностных и подземных водных объектов при нецентрализованном питьевом и хозяйственно-бытовом водоснабжении населения Восточно-Казахстанской области"
- Атауы (қаз.)
- "Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 17 шілдедегі № 24/385-ІІІ шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3/44-IV
- Қабылданған күні
- 14.12.2007
- Көрсетілген редакция
- 03.07.2013 AI36825_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.07.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07V0002467
- ЭКБ идентификаторы
- 36825
- Редакция идентификаторы
- AI36825_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:36
0 "Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 17 шілдедегі № 24/385-ІІІ шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 92-бабына , "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. "Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 17 шілдедегі N 24/385-ІІІ шешіміне (N 2455 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде тіркелген, "Дидар" газетінің 2007 жылғы 4 қыркүйектегі N 107, "Рудный Алтай" газетінің 2007 жылғы 4 қыркүйектегі N 132 сандарында жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесіндегі:
4 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
4 "4. Ереже халықты орталықтандырылмаған сумен жабдықтау бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға, сондай-ақ жеке мұқтаждықтарына ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін су объектілерін пайдаланатын заңды және жеке тұлғаларға да таралады.";
6-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;
8 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
8
"8. Халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде тәулігіне елу текше метрге дейінгі көлемде су алған кезде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитет төрағасының 2006 жылғы 17 ақпандағы N 29 бұйрығымен бекітілген, N 4124 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде тіркелген Халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде заңды және жеке тұлғалармен пайдаланылатын су объектілерін тіркеу ережелеріне сәйкес су объектісін тіркеу жүргізіледі.";
12-тармақтағы:
"2005 жылғы 13 мамырдағы N 229" сөздерінен кейін мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
", N 3720 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде тіркелген.";
13 13-тармақ алынып тасталсын;
14-тармақтағы "тиіс" сөзі алынып тасталсын, "орнатылуы" сөзі "орнатылады" сөзімен ауыстырылсын;
15, 16, 20, 25-тармақтар алынып тасталсын.