Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение от 17 июля 2007 года № 24/388-III "О предоставлении материальной помощи некоторым категориям граждан"

Өзге акт · № 20/262-IV · қабылданған 09.04.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2007-no-24388-iii/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в решение от 17 июля 2007 года № 24/388-III "О предоставлении материальной помощи некоторым категориям граждан" Күшін жойған Өзге акт ·№ 20/262-IV ·09.04.2010
03.07.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение от 17 июля 2007 года № 24/388-III "О предоставлении материальной помощи некоторым категориям граждан"

Күшін жойған Өзге акт ·№ 20/262-IV · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение от 17 июля 2007 года № 24/388-III "О предоставлении материальной помощи некоторым категориям граждан"
Атауы (қаз.)
"Азаматтардың кейбір санаттарына материалдық көмек ұсыну туралы" 2007 жылғы 17 шілдедегі № 24/388-ІІІ шешімге өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
20/262-IV
Қабылданған күні
09.04.2010
Көрсетілген редакция
03.07.2012 AI51884_2.kaz
Соңғы өзгеріс
03.07.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10V0002529
ЭКБ идентификаторы
51884
Редакция идентификаторы
AI51884_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:33

0 "Азаматтардың кейбір санаттарына материалдық көмек ұсыну туралы" 2007 жылғы 17 шілдедегі № 24/388-ІІІ шешімге өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына , «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. «Азаматтардың кейбір санаттарына материалдық көмек ұсыну туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 17 шілдедегі № 24/388-ІІІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде тіркелген № 2452, 2007 жылғы 7 тамыздағы № 94-95 «Дидар», 2007 жылғы 7 тамыздағы № 118 «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланды) шешімге мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 1) Азаматтардың кейбір санаттарына материалдық көмек ұсыну нұсқауының (бұдан әрі - Нұсқау) кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы азаматтардың кейбір санаттарына материалдық көмек ұсыну нұсқауы (бұдан әрі - Нұсқау) «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабын іске асыру мақсатында әзірленді және азаматтардың кейбір санаттарына коммуналдық қызметтер шығыстарына өтемақы төлеуге материалдық көмек ұсынудың шартын нақтылайды.»;

2 2) 2 бөлім атауында «тәртібі» сөзі «жағдайлары» сөзімен ауыстырылсын;

3 3) нұсқаудың 9-тармақты қоспағандағы 3 бөлімі, сондай-ақ 1, 2 қосымшалары алынып тасталсын.

2 2. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы