Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в совместное решение Жанаозенского городского маслихата от 17 ноября 2007 года № 3/16 и постановление акимата города Жанаозен от 27 ноября 2007 года № 5464 «Жаңаөзен қаласының шағынаудандары мен көшелеріне ат қою туралы»

Қаулы · № 9/117 · қабылданған 03.03.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2007-no-316-27-2007-no-5464/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
О внесении изменений в совместное решение Жанаозенского городского маслихата от 17 ноября 2007 года № 3/16 и постановление акимата города Жанаозен от 27 ноября 2007 года № 5464 «Жаңаөзен қаласының шағынаудандары мен көшелеріне ат қою туралы» Қолданыста Қаулы ·№ 9/117 ·03.03.2017
03.03.2017 редакциясы
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в совместное решение Жанаозенского городского маслихата от 17 ноября 2007 года № 3/16 и постановление акимата города Жанаозен от 27 ноября 2007 года № 5464 «Жаңаөзен қаласының шағынаудандары мен көшелеріне ат қою туралы»

Қолданыста Қаулы ·№ 9/117 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в совместное решение Жанаозенского городского маслихата от 17 ноября 2007 года № 3/16 и постановление акимата города Жанаозен от 27 ноября 2007 года № 5464 «Жаңаөзен қаласының шағынаудандары мен көшелеріне ат қою туралы»
Атауы (қаз.)
Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2007 жылғы 17 қарашадағы № 3/16 және Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № 5464 «Жаңаөзен қаласының шағынаудандары мен көшелеріне ат қою туралы» бірлескен шешімі мен қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
9/117
Қабылданған күні
03.03.2017
Көрсетілген редакция
03.03.2017 111429_176406.kaz
Соңғы өзгеріс
03.03.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17MB003332
ЭКБ идентификаторы
111429
Редакция идентификаторы
111429_176406
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:53

0 Жаңаөзен қалалық мәслихатының

2007 жылғы 17 қарашадағы № 3/16
және Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
2007 жылғы 27 қарашадағы № 5464
«Жаңаөзен қаласының шағынаудандары
мен көшелеріне ат қою туралы»
бірлескен шешімі мен қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2007 жылғы 17 қарашадағы № 3/16 және Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № 5464 «Жаңаөзен қаласының шағынаудандары мен көшелеріне ат қою туралы» бірлескен шешімі мен қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-2-66 болып тіркелген, 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 4 «Жаңаөзен» газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен шешім мен қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қала халқының Арай, Астана шағын аудандарының, Рахат ауылының аумақтарын бірнеше шағын аудандарға бөлу және оларға жаңадан пайда болған көшелерге ат қою туралы талаптарын (пікірлерін), қалалық ономастикалық комиссиясының осы мәселелер жөніндегі ұсынысын ескере отырып, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
1 тармақта:
бірінші сөйлем жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Арай, Астана шағын аудандарының және Рахат ауылының аумақтарын бірнеше шағын аудандарға бөліп, оларға төмендегідей атаулар берілсін және кейбір шағын аудан атауына өзгерістер енгізілсін:»;
бесінші, алтыншы, жетінші абзацтар жаңа редакцияда жазылсын:
«солтүстігі Жаңаөзен қаласының әуе жайына баратын автокөлік жолы, оңтүстігі Құланды ауылына баратын жол, батысы Рахат шағын ауданы, шығысы Мерей шағын ауданымен шектелетін аудан – Ақсу шағын ауданы;
солтүстігі Құланды ауылына баратын жол, оңтүстігі жоғарғы қысымды газ құбыры, батысы «Теміртас» аймағы, шығысы газ компрессор базасына баратын жолмен шектелетін аудан – Жұлдыз шағын ауданы;
солтүстігі Жаңаөзен қаласының әуе жайына баратын автокөлік жолы, оңтүстігі Құланды ауылына баратын жол, батысы Ақсу шағын ауданы, шығысы
газ компрессор базасына баратын жолмен шектелетін аудан – Мерей шағын ауданы болып табылады.»;
2 тармақта:
1 абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«Арай және Мамыр шағын ауданы аралығындағы «Болашақ» жанар - жағар май бекетінен бастап Теңге ауылындағы темір жол қиылысына дейінгі көше – Нәсіпқали Марабаев көшесі болып аталсын.»;
«Рахат» шағын ауданы бойынша:» деген сөйлем жаңа редакцияда жазылсын:
«Рахат» ауылы бойынша:».

2

2. Осы бірлескен шешім мен қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, құрылыс, өнеркәсіп, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы, көлік және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы Е.Өтеев) және Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасарына (С.Сейдалиев) жүктелсін.

3

3. «Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А.Ермұханов) осы бірлескен шешім мен қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бірлескен шешім мен қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Жаңаөзен қалалық мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Ұ.Орынбаева
«3» наурыз 2017 жыл

Қолданыстағы