О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 июля 2007 года № 601
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 июля 2007 года № 601
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 шілдедегі N 601 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 639
- Қабылданған күні
- 06.05.2009
- Көрсетілген редакция
- 12.11.2012 AI45728_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.11.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P090000639_
- ЭКБ идентификаторы
- 45728
- Редакция идентификаторы
- AI45728_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:08
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 шілдедегі N 601 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
"Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңының 6-бабы 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Аудиторлық қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 шілдедегі N 601 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 24, 282-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Аудиторлық қызметті лицензиялау ережесінде:
11-тармақтың 6) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Өзінің мәртебесін растау үшін шетелдік аудиторлық ұйым лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесін не ол резиденті болып табылатын елдің кәсіби ұйымы немесе мемлекеттің құзыретті органы беретін аудиторлық ұйымның мәртебесін растау туралы хаттың түпнұсқасын оның нотариалды куәландырылған аудармасымен бірге ұсынады. Бұл ретте шетелдік аудиторлық ұйымның мәртебесін растайтын кәсіби ұйым Халықаралық бухгалтерлер федерациясының мүшесі болып табылуы тиіс";
13-тармақта "лицензиаттың" деген сөз "өтініш берушінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған, оның ішінде одан айырған жағдайда аудиторлық ұйымдар лицензияның қолданылуын тоқтату, оның ішінде одан айыру туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға лицензияны қайтарады.
Лицензиядан айырған кезде мерзім соттың қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.";
2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарында:
2) тармақшада "аудиторларға және (немесе) шетелдік аудиторлық ұйымдарға" деген сөздер "аудиторға (аудиторларға) және (немесе) шетелдік аудиторлық ұйымға (ұйымдарға)" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада "үш" деген сөз "екі" деген сөзбен ауыстырылсын;
4) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензиясынан айырылған аудиторлық ұйымға бұрын жетекшілік еткен аудитор лицензиядан айыру туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап бір жыл бойы басқа аудиторлық ұйымның басшысы бола алмайды.";
Ережеге 2-қосымшада:
"Аудиторлық ұйым қызметінің негізгі көрсеткіштері" деген кестеде:
"Кірістер - барлығы", "оның ішінде:", "Клиенттердің атауын көрсете отырып "Аудиторлық қызмет туралы" ҚР Заңының 3-бабы 2-тармағына сәйкес берілетін қызметтер бөлінісіндегі кіріс" деген жолдар алып тасталсын.