Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 июля 2008 года № 688

Қаулы · № 1341 · қабылданған 10.09.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2008-no-688/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 июля 2008 года № 688 Күшін жойған Қаулы ·№ 1341 ·10.09.2009
04.09.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.09.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 июля 2008 года № 688

Күшін жойған Қаулы ·№ 1341 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 июля 2008 года № 688
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі N 688 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1341
Қабылданған күні
10.09.2009
Көрсетілген редакция
04.09.2014 AI47757_2.kaz
Соңғы өзгеріс
04.09.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P090001341_
ЭКБ идентификаторы
47757
Редакция идентификаторы
AI47757_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:26

0 Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі N 688 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі N 688 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 1) тақырыбындағы және мәтініндегі "Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен" деген сөздер "Халықаралық рейтингтік агенттіктермен" деген сөздермен ауыстырылсын;

2 2) Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия құрамына мыналар енгізілсін:

Сүлейменов             - Қазақстан Республикасының Экономика
Тимур Мұратұлы           және бюджеттік жоспарлау
вице-министрі, төрағаның орынбасары
Бақаев                 - Қазақстан Республикасы Экономика
Әлібек Әсетұлы           және бюджеттік жоспарлау
министрлігі Халықаралық қатынастар
департаментінің директоры, хатшы
Ақышев                 - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Данияр Талғатұлы         Банкі Төрағасының орынбасары
(келісім бойынша)
Мокроусов              - "Қазкоммерцбанк" акционерлік қоғамының
Сергей Дмитриевич        атқарушы директоры (келісім бойынша)
көрсетілген Комиссияның құрамынан Ғалым Михайлұлы Әбішев, Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров, Асқар Болатұлы Баталов, Гүлнәр Аманқұлқызы Ділімбетова, Жәнібек Сапарұлы Ысқақов, Бекжан Жантөреұлы Қалыбеков, Фархад Шаймұратұлы Қуанғанов, Ғалымжан Олжаұлы Пірматов, Медет Мақсұтұлы Сартбаев, Роман Владимирович Солодченко, Андрей Игоревич Тимченко шығарылсын;

3 3) көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия туралы ереже және Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 Халықаралық рейтинтік агенттіктермен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 10 қыркүйекте
N 1341 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 17 шілдедегі
N 688 қаулысымен
бекітілген
Халықаралық рейтинтік агенттіктермен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) туралы ереже Комиссияның мақсаттарын, міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды.

2

2. Комиссияның басты мақсаты халықаралық рейтингтік агенттіктермен тұрақты негізде қажетті келісілген ақпаратты оларға ұсыну жолымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне ұқсас егемен кредиттік рейтингтері бар елдер тобында болуын қамтамасыз ету болып табылады.

2 2. Комиссияның негізгі міндеттері мен өкілеттіктері

3 3. Комиссияның міндеттері:

халықаралық рейтингтік агенттіктермен ынтымақтастықтың тиімді нысанын айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
халықаралық рейтингтік агенттіктерге ақпарат беру стандарттары бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады.

4 4. Комиссия өз құзыреті шегінде өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін:

халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, үйлестіру және жетілдіру үшін қажетті іс-қимыл жасауға;
сараптамалар мен консультациялар жүргізу үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардан тиісті бейіндегі мамандарды тартуға, сондай-ақ қажет болған жағдайда қойылған міндеттерді шешу үшін сарапшы топтарды ұйымдастыруға;
мемлекеттік органдар мен ұйымдардан Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен ақпарат сұратуға және алуға;
өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеуге және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен мүдделі мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізуге құқылы.

3 3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

5 5. Комиссияны оның төрағасы басқарады.

6 6. Комиссияның төрағасы оның жұмысын ұйымдастырады, төраға болмаған жағдайда Комиссияның отырысын төраға орынбасарларының бірі өткізеді.

7 7. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі болып табылады.

8 8. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі. Комиссияның отырысын өткізу туралы шешімді төраға не оның орынбасары қабылдайды.

9 Халықаралық рейтинтік агенттіктермен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары

9. Комиссияның шешімдері оның отырыстарының хаттамаларымен ресімделеді. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру жолымен көпшілік дауыспен қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 10 қыркүйектегі
N 1341 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 17 шілдедегі
N 688 қаулысымен
бекітілген
Халықаралық рейтинтік агенттіктермен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с
N
Іс-ша­ра­лар­дың ата­уы
Аяқ­та­лу ны­са­ны
Орын­да­луы­на жа­у­ап­ты­лар
Іс­ке асы­ры­лу мер­зі­мі
Бо­лжам­ды шы­ғы­стар
1
2
3
4
5
6
1.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық жағ­дайы ту­ра­лы ке­лі­сі­л­ген фор­мат бой­ын­ша ағы­л­шын ті­лін­де ха­лы­қа­ра­лық рей­тинг­тік агент­тіктер­ге та­ны­сты­ру ақ­па­ра­тын ұсы­ну
Stаndаrd& Poor's, Moody's Investors Service, Fitch Rаtings Ltd-ға та­ны­сты­ру
ЭБ­ЖМ (жи­нақ­тау), ҚҚА (ке­лі­сім бой­ын­ша), ҰБ, АӨҚО­Қ­РА (ке­лі­сім бой­ын­ша), Қар­жы­ми­ні, СА, ИСМ, ҚҚҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Тоқ­сан сай­ын
Та­лап етіл­мей­ді
2.
Ха­лы­қа­ра­лық рей­тинг­тік агент­тіктер­дің тал­да­у­шы­ла­ры­на олар­дың сұ­ра­уы бой­ын­ша қы­зық­ты­ра­тын ақ­па­рат бе­ру
Stаndаrd& Poor's, Moody's Investors Service, Fitch Rаtings Ltd-ға ақ­па­рат
ЭБ­ЖМ (жи­нақ­тау), мүд­де­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар
Тұ­рақ­ты негіз­де
Та­лап етіл­мей­ді
3.
Stаndаrd& Poor's, Moody's  Fitch тал­да­у­шы­ла­ры­ның Қа­зақ­стан­ға жыл сай­ын­ғы са­пар­ла­рын жо­ға­ры дең­гей­де ұй­ым­да­сты­ру
Stаndаrd& Poor's, Moody's Investors Service, Fitch Rаtings Ltd.тал­да­у­шы­ла­ры­ның са­па­ры
ЭБ­ЖМ (жи­нақ­тау), мүд­де­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар
Жы­лы­на 3 рет
Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет 010 "Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның еге­мен кре­дит­тік рей­тин­гін қай­та қа­рау мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша ха­лы­қа­ра­лық рей­тин­гі­лік агент­тікте­рі­мен өза­ра іс-қи­мыл" рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­сы
4.
Тал­да­у­шы­лар­мен және агент­тіктер­дің өзге де тұ­лға­ла­ры­мен кө­кей­кесті мә­се­ле­лер­ді тал­қы­лау бой­ын­ша Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мүд­де­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­да­ры­ның және өзге де ұй­ым­да­ры­ның қа­ты­суы­мен Кон­фе­ренц-саll ұй­ым­да­сты­ру
Кон­фе­ренц-саll
ЭБ­ЖМ (жи­нақ­тау), мүд­де­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­да­ры, ҚҚҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Ай сай­ын
Та­лап етіл­мей­ді
5.
Ха­лы­қа­ра­лық рей­тинг­тік агент­тіктер­дің ал­дын ала бас­па­сөз-ре­л­из­де­рін тал­дау, қа­жет болған жағ­дай­да тал­да­у­шы­лар­ға дау ту­ғы­за­тын ақ­па­рат жі­бе­ру
Тал­да­ма­лық жа­з­ба
ЭБ­ЖМ (жи­нақ­тау), мүд­де­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар
Жы­лы­на 3 рет
Та­лап етіл­мей­ді
6.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның эко­но­ми­ка са­ла­сын­да­ғы бар­лық оң үр­ді­стер мен жа­ңа­лық­тар ту­ра­лы ха­лы­қа­ра­лық рей­тинг­тік агент­тіктер­ге ақ­па­рат­тық анық­та­ма жі­бе­ру
Ақ­па­рат­тық анық­та­ма
ЭБ­ЖМ (жи­нақ­тау), мүд­де­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар, ҚҚҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Тұ­рақ­ты негіз­де
Та­лап етіл­мей­ді
7.
Дағ­да­ры­стық жағ­дай­лар­ға ер­те ден қою жүй­е­сін құ­ру шең­бе­рін­де кей­ін­нен жұ­мыста пай­да­ла­ну үшін тал­да­у­шы­лар­дың бо­лжам­да­рын мүд­де­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ға жі­бе­ру
Ақ­па­рат­тық анық­та­ма
ЭБ­ЖМ (жи­нақ­тау), мүд­де­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар, ҚҚҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Рей­тинг тік агент­тіктер тал­да­у­шы­ла­ры­ның бо­лжам­да­рын бе­ру­іне қа­рай
Та­лап етіл­мей­ді
8.
Шет ел­дер­дің рей­тинг­те­ріне мо­ни­то­ринг, бас­қа ел­дер бой­ын­ша тал­да­у­шы­лар­дың ұста­ным­да­ры, олар­ды Қа­зақ­стан бой­ын­ша де­ректер­мен са­лы­сты­ру
Тал­да­ма­лық ақ­па­рат
ЭБ­ЖМ (жи­нақ­тау), мүд­де­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар, ҚҚҚ (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Жар­ты жыл­да 1 рет
Та­лап етіл­мей­ді
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АӨҚОҚРА        - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік
қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі
СА             - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
ҚҚҚ            - Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы
ҚНРА           - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
ИСМ            - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
министрлігі
Қаржымині      - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ЭБЖМ           - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігі
ҰБ             - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

Қолданыстағы