О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 17 ноября 2008 года № 690 "О квоте иммиграции оралманов на 2009-2011 годы" и постановления Правительства Республики Казахстан от 22 января 2009 года № 32 "О распределении квоты иммиграции оралманов на 2009 год"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 17 ноября 2008 года № 690 "О квоте иммиграции оралманов на 2009-2011 годы" и постановления Правительства Республики Казахстан от 22 января 2009 года № 32 "О распределении квоты иммиграции оралманов на 2009 год"
- Атауы (қаз.)
- "Оралмандардың 2009-2011 жылдарға арналған көші-қон квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 қарашадағы № 690 Жарлығын және "Оралмандардың 2009 жылға арналған көші-қон квотасын бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қаңтарындағы № 32 Қаулысын іске асыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 181
- Қабылданған күні
- 20.07.2009
- Көрсетілген редакция
- 22.05.2012 47606_199620.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.05.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09SG000112
- ЭКБ идентификаторы
- 47606
- Редакция идентификаторы
- 47606_199620
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:45
0
"Оралмандардың 2009-2011 жылдарға арналған көші-қон квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 қарашадағы № 690 Жарлығын және "Оралмандардың 2009 жылға арналған көші-қон квотасын бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қаңтарындағы № 32 Қаулысын іске асыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, «Халықтың көшi-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 29-3-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес, «Оралмандардың 2009-2011 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 қарашадағы № 690 Жарлығын, «Оралмандардың 2009 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінін 2009 жылғы 22 қаңтардағы № 32 Қаулысын, «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 қарашадағы № 690 Жарлығын жүзеге асыру туралы және «Оралмандардың 2009 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 18 наурыздағы № 62 қаулысын және «Оралмандардың 2009 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінін 2007 жылғы 22 қаңтардағы № 32 қаулысын орындау үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Оалмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасы 45 отбасы Жамбыл ауданы бойынша 1-ші қосымшаға сәйкес бөлінсін.
2 2. Оралмандарды қабылдау және жайғастыру жөніндегі аудандық комисияның (ілгеріде аудандық комиссия) құрамы 2- қосымшаға сөйкес бекітілсін.
3 3. «Жамбыл ауданының ішкі істер бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің Көші-қон полициясы (келісім бойынша) келген оралмандарды тіркеу және есепке алуды қамтамасыз етсін.
4 4. «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі қамтамасыз етсін:
оралмандарды жұмысқа орналастыруға көмек көрсету;
оралмандардың кәсіби даярлығын үйымдастыру және жаңа кәсіби мамандыққа оқыту;
оралмандарға Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек көрсету.
5 5. «Жамбыл ауданының білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесіне:
оралмандардың мектеп жасындағы балаларын оқытумен толық қамту жөніндегі барлық шаралар қабылдасын және қажет болған жағдайда оларды ауданы интернаттарына орналастырсын;
оралмандардың балаларын бастауыш және орта көсіптік білім беретін оқу орындарына тарту жөніндегі кәсіби бағдарлау жүмысын тұрақты жүргізсін.
6 6. Архангелка, Баянауыл, Благовещенка, Жамбыл, Майбалық, Мирный, Озерный және Троицкий селолық округтерінің әкімдеріне:
оралмадарды қабылдау және жайғастыруды қамтамасыз етсін, орналастырылған орындарда олардың беймделуіне жағдай жасасын;
оралмандарды мемлекеттік және орыс тілдерін оқыту үшін қажетті жағдай жасалынсын, толық мөлшерде оқулықтармен және басқа да көрнекі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілсін;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жұмысқа орналастыру, біліктіліктерін арттыру және жаңа мамандықты игеру, жер учаскелерін беру мәселелеріне қатаң бақылауға алсын;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетсін;
2010 жылдың 10 қаңтарына қарай осы қаулының орындалуы жөнінде аудандық комиссия ақпараттандырылсын.
7 7. Аудандық комиссия кезең кезеңмен селолық округтердің әкімдерін, аудандық ұйымдардың басшыларын оралмандарды қабылдау және жайғастыру мәселелері жөніндегі ақпараттарын тыңдасын.
8 8. «Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне аудан жұртшылығын оралмандарды қабылдау және жайғастыру жөнінде, жүргізіліп жатқан жүмыстар туралы жүйелі түрде хабардар етуді, тақырыптық кездесулер мен хабарлар өткізуді қамтамасыз етсін.
9 9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
10 10. Осы қаулы бірінші ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Келісілген:
«Жамбыл ауданының ішкі істер
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бастығы
А. Кұтұшев
11 Аудан әкімдігінің 2009 жылғы
20 шілдедегі №181
қаулысына 1-қосымша
2009 жылға Жамбыл ауданы бойынша оралмандар отбасын БӨЛУ
№
п/п
Селолық округтің атаулары
Көшіп келу квотасы
1.
Архангелка:
Архангелка селосы
Үлгі селосы
2
5
2.
Баянауыл:
Баян селосы
8
3.
Благовещенка:
Талпын селосы
3
4.
Жамбыл:
Жамбыл селосы
Суаткөл селосы
Есперлі селосы
3
2
1
5.
Майбалық
Жаңажол селосы
4
6.
Мирный
Ұзынкөл селосы
6
7.
Озерный
Озерное селосы
6
8.
Троицкий:
Орталық селосы
5
Барлығы
45
12 Аудан әкімдігінің 2009 жылғы
20 шілдедегі № 181
қаулысына 2-қосымша
Оралмандарды жайластыру және қабылдау бойынша аудандық комиссия құрамы
Сарбасов Алғиса Қазманұлы
- аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
Мұхаметжанов
Нұрлан Түлкібайұлы
«Жамбыл ауданының ішкі істер бөлімі» Мемлекеттік мекемесі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары, комиссиия төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
Лобковская
Олеся Викторовна
-бас маман – аудан әкімі орынбасарының көмекшісі, комиссияның хатшысы.
Комиссия мүшелері:
Бекпаева
Құралай Жәкенқызы
- «Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығы;
Моисеенко
Александр Иванович
- Жамбыл ауданының білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығы;
Мұстафин
Әсет Мәлікұлы
- аудандық «Ауыл арайы», «Сельская новь» газеттерінің бас редакторы;
Рамазанов
Балтабай Темиртасұлы
- «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» Мемлекеттік мекемесінін бастығы;
Дүйсенбин
Амангелді Қасқырбайұлы
- «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығы.