Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 17 июля 2008 года № 693 «О создании специализированной организации по вопросам концессии» и от 26 декабря 2017 года № 875 «Об утверждении перечня проектов государственно-частного партнерства особой значимости»

Қаулы · № 430 · қабылданған 12.06.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2008-no-693-26-2017-no-875/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 17 июля 2008 года № 693 «О создании специализированной организации по вопросам концессии» и от 26 декабря 2017 года № 875 «Об утверждении перечня проектов государственно-частного партнерства особой значимости» Қолданыста Қаулы ·№ 430 ·12.06.2025
12.06.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 17 июля 2008 года № 693 «О создании специализированной организации по вопросам концессии» и от 26 декабря 2017 года № 875 «Об утверждении перечня проектов государственно-частного партнерства особой значимости»

Қолданыста Қаулы ·№ 430 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 17 июля 2008 года № 693 «О создании специализированной организации по вопросам концессии» и от 26 декабря 2017 года № 875 «Об утверждении перечня проектов государственно-частного партнерства особой значимости»
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы» 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 және «Ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 875 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
430
Қабылданған күні
12.06.2025
Көрсетілген редакция
12.06.2025 211201_761535.kaz
Соңғы өзгеріс
12.06.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2500000430
ЭКБ идентификаторы
211201
Редакция идентификаторы
211201_761535
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 03:56

0

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы» 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 және «Ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 875 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) «Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 қаулысында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қоғам мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы болып айқындалсын, оның қызметінің негізгі нысанасы:
1) республикалық бюджеттік инвестициялық жобаларға экономикалық сараптаманы;
2) мемлекеттік кепілдік беру үшін инвестициялық жобаларға экономикалық сараптаманы;
3) республикалық бюджет қаражаты есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестицияларға экономикалық сараптаманы;
4) техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді және қаржылық агенттіктердің республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеудің экономикалық сараптамасын;
5) бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды;
6) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалауды;
7) бюджеттік инвестициялар саласында зерттеулерді;
8) мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша зерттеулерді және ұсынымдар әзірлеуді;
9) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына бизнес-жоспарларға, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сараптаманы;
10) жоспарлау және іске асыру Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы институттары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қоспағанда, республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық (аукциондық) құжаттамасына, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сараптаманы;
11) халықаралық қаржы институттары қатысатын ерекше маңызы бар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын әзірлеуді үйлестіруді және бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қорытынды беруді;
12) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалауды;
13) мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мамандарды оқытуды;
14) іске асыру жоспарланып отырған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін жүргізуді жүзеге асыру болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін конкурстық (аукциондық) құжаттамасы бекітілген концессиялық жобаларды іске асыру үшін қоғам конкурстық құжаттамаға, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптаманы, сондай-ақ концессионерді таңдау жөнінде конкурсты өткізген кезде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерге сараптаманы жүзеге асырады.»;
2) «Ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 875 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

1 Ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы « »
№ қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 875 қаулысымен
бекітілген
Ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік
жобаларының тізбесі
Р/с

Атауы
1
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің «Алматы – Қорғас» автомобиль жолы учаскесінде «НҰР ЖОЛЫ» автомобиль өткізу пунктін салу және пайдалану
2
Көкшетау қаласында 630 орындық көпбейінді аурухананы салу және пайдалану
3
«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы (ҮАААЖ)» автомобиль жолын салу және пайдалану
4
Алматы қаласында 300 орындық көпбейінді университет ауруханасын салу және пайдалану
5
Қарағанды қаласында 300 орындық көпбейінді университет ауруханасын салу және пайдалану
____________________

2 Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы « »
№ қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі

1 1. «Ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 1060 қаулысы.

2 2. «Концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар санатқа жатқызу критерийлерін және олардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 1060 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 75 қаулысы.

3 3. «Ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 1060 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 21 ақпандағы № 82 қаулысы.

4 4. «Ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 1060 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 1 қарашадағы № 828 қаулысы.

____________________

Қолданыстағы