О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 октября 2008 года № 962 «О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 13 октября 2008 года № 669»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 октября 2008 года № 962 «О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 13 октября 2008 года № 669»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 202
- Қабылданған күні
- 14.04.2020
- Көрсетілген редакция
- 14.04.2020 142715_461877.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2000000202
- ЭКБ идентификаторы
- 142715
- Редакция идентификаторы
- 142715_461877
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:00
0 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы
№ 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы
№ 962 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы
№ 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 41, 458-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес акцияларының мемлекеттік пакеттері (жарғылық капиталға қатысу үлестері) Қордың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілетін заңды тұлғалардың тізбесі (бұдан әрі – тізбе);
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға («қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен) сәйкес Қордың тәуелсіз директорларына берілетін сыйақылардың мөлшері және төлеу шарттары бекітілсін.»;
2 2) 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес құрамда Қордың Директорлар кеңесі сайлансын.»;
3 3) мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Қордың Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі 2020 жылғы
1 қаңтар – 2023 жылғы 31 желтоқсан болып белгіленсін.»;
4
4) көрсетілген қаулыға қоса берілетін акцияларының мемлекеттік пакеттері (жарғылық капиталдардағы қатысу үлестері) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілетін заңды тұлғалардың тізбесінің жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 17 қазандағы
№ 962 қаулысына
1-қосымша»;
5 5) көрсетілген қаулыға қоса берілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 17 қазандағы
№ 962 қаулысына
2-қосымша»;
6 6) көрсетілген қаулыға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы» деген 1-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 17 қазандағы
№ 962 қаулысына
4-қосымша»;
мына:
«Руслан Ерболатұлы Дәленов – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі,
Ахметжан Смағұлұлы Есімов – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жалғыз акционерінің өкілі,
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы»;
7 7) көрсетілген қаулыға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының тәуелсіз директорларына берілетін сыйақылардың мөлшері және төлеу шарттары» деген 3-қосымша осы қаулыға қосымшаға (қызмет бабында пайдалану үшін) сәйкес редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулы оған қосымшаның 2019 жылғы 6 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 2 және 3-тармақтарын қоспағанда, 2020 жылғы
1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.