Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление акимата Лебяжинского района от 17 февраля 2009 года № 20/2 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан в 2009 году"

Қаулы · № 118/8 · қабылданған 23.07.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2009-no-202-2009-ekb-47362/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление акимата Лебяжинского района от 17 февраля 2009 года № 20/2 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан в 2009 году" Күшін жойған Қаулы ·№ 118/8 ·23.07.2009
22.01.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление акимата Лебяжинского района от 17 февраля 2009 года № 20/2 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан в 2009 году"

Күшін жойған Қаулы ·№ 118/8 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление акимата Лебяжинского района от 17 февраля 2009 года № 20/2 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан в 2009 году"
Атауы (қаз.)
Лебяжі ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 17 ақпандағы "2009 жылы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" № 20/2 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
118/8
Қабылданған күні
23.07.2009
Көрсетілген редакция
22.01.2010 47362_217711.kaz
Соңғы өзгеріс
22.01.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09PI000095
ЭКБ идентификаторы
47362
Редакция идентификаторы
47362_217711
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:43

0 Лебяжі ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 17 ақпандағы "2009 жылы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" № 20/2 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге және оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Лебяжі ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 17 ақпандағы "2009 жылы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" № 20/2 қаулысымен бекітілген (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуіндегі тізілімінде 2009 жылғы 17 наурыздағы № 12-9-86 болып тіркелген, 2009 жылғы 19 наурызда аудандық "Аққу үні" газетінің № 22-23 (7313) санында жарияланған) ауданның жекелеген санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлем тағайындау туралы Нұсқаулыққа келесі толықтырулар енгізілсін:
Нұсқаулықтың 2-тармағы келесі мазмұндамадағы 32)-тармақшамен толықтырылсын: Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектер, пәтерлерге ағымды жөндеу жұмысын жүргізу.
Нұсқаулықтың 3-тармағының 2-тармақшасындағы 30) санынан кейін 32) саны толықтырылсын.
Нұсқаулықтың 4-тармағы келесі мазмұндамадағы 21)- тармақшамен толықтырылсын: 2-ші тармақтың 32)-тармақшасында көрсетілген санаттарға – аталған әлеуметтік көмекті алуға құқылы тұлғанын жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, СТН-і, жеке куәлігінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, селолық округ әкімінің атынан тұрмыс жағдайын тексеру актісі.

2 2. Бұл қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Ө.Сағандықовқа жүктелсін.

Қолданыстағы