Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление акимата Лебяжинского района от 17 февраля 2009 года № 20/2 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан в 2009 году"

Қаулы · № 204/10 · қабылданған 27.10.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2009-no-202-2009/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление акимата Лебяжинского района от 17 февраля 2009 года № 20/2 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан в 2009 году" Күшін жойған Қаулы ·№ 204/10 ·27.10.2009
27.10.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление акимата Лебяжинского района от 17 февраля 2009 года № 20/2 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан в 2009 году"

Күшін жойған Қаулы ·№ 204/10 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление акимата Лебяжинского района от 17 февраля 2009 года № 20/2 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан в 2009 году"
Атауы (қаз.)
Лебяжі ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 17 ақпандағы "2009 жылы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" № 20/2 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
204/10
Қабылданған күні
27.10.2009
Көрсетілген редакция
27.10.2009 AI48793_0.kaz
Соңғы өзгеріс
27.10.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09PI000098
ЭКБ идентификаторы
48793
Редакция идентификаторы
AI48793_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:10

0 Лебяжі ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 17 ақпандағы "2009 жылы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" № 20/2 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге және оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Лебяжі ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 17 ақпандағы "2009 жылы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" № 20/2 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуіндегі тізілімінде № 12-9-86 болып тіркелген, 2009 жылғы 19 наурызда аудандық "Аққу үні" газетінің № 22-23 санында жарияланған) қаулысымен бекітілген, Лебяжі ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 шілдедегі "Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 17 ақпандағы "2009 жылы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" № 20/2 қаулысына толықтыру енгізу туралы" № 118/8 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуіндегі тізілімінде № 12-9-95 болып тіркелген, 2009 жылғы 20 тамызда аудандық "Аққу үні" газетінің № 68 санында жарияланған) толықтырулар енгізілген қаулысымен ауданның жекелеген санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлем тағайындау туралы Нұсқаулыққа мынадай толықтырулар енгізілсін:
Нұсқаулықтың 2-тармағы келесі мазмұндағы 33)-шағын тармақшамен толықтырылсын:
Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектер, Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша теңестірілген тұлғалар (Семей ядролық сынақ полигонына қатысушылар), кәмелетке толмаған концлагер тұтқындары, колледж және жоғарғы оқу орындарының студенттерінің арасындағы тұл жетім мен ата-ана қамқорынсыз қалған жетім балалар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылары, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы алушы отбасының балалары, бір және одан көп мүгедектері бар отбасылары, 2010 жылғы облыстық және аудандық газеттерге жазылуға;
Нұсқаулықтың 4-тармағы келесі мазмұндағы 22)-шағын тармақшамен толықтырылсын: 2-тармақтың 33)- тармақшасында көрсетілген санаттарға - өтініш, жеке куәлігінің көшірмесі, СТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, тұлғасын растайтын анықтама көшірмесі, "Казпочта" АҚ-да ашылған жеке шотының көшірмесі;
4-тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22)-тармақшаларындағы қажетті құжаттар тізбесіне (ӘЖК) әлеуметтік жеке коды қосылсын.

2 2. Бұл қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Ө. Сағандықовқа жүктелсін.

Қолданыстағы