О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 апреля 2009 года № 545
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 апреля 2009 года № 545
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі N 545 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1252
- Қабылданған күні
- 27.08.2009
- Көрсетілген редакция
- 26.05.2014 AI47510_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.05.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P090001252_
- ЭКБ идентификаторы
- 47510
- Редакция идентификаторы
- AI47510_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:29
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі N 545 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі N 545 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесінде:
8-тармақтың 2) тармақшасының бесінші абзацындағы "және олардың құны" деген сөздер алынып тасталсын, "Жобаны іске асыру үшін" деген сөздерден кейін "олардың құнын көрсете отырып (жер учаскелері үшін сондай-ақ меншік және жерді пайдалану құқығын көрсету қажет)" деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақтың 5) тармақшасы "және бөлінуге жоспарланған жер учаскелерінің жобаның талаптарына сәйкестігін бағалау" деген сөздермен толықтырылсын;
28-тармақтың 2) тармақшасының жетінші абзацындағы "және олардың құны" деген сөздер алынып тасталсын, "Жобаны іске асыру үшін" деген сөздерден кейін "олардың құнын көрсете отырып (жер учаскелері үшін сондай-ақ меншік және жерді пайдалану құқығын көрсету қажет)" деген сөздермен толықтырылсын;
30-тармақтың 5) тармақшасы "және бөлінуге жоспарланған жер учаскелерінің жобаның талаптарына сәйкестігін бағалау" деген сөздермен толықтырылсын;
50-тармақтың бірінші абзацындағы "жер учаскесін таңдау актісі" деген сөздер "жерге құқық беру туралы жерге орналастыру жобасы (қажет болған кезде жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар залалдарының, алып қойылатын алқаптардың түріне байланысты ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндірісі шығындарының есебін қоса бере отырып)" деген сөздермен ауыстырылсын;
59-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Құрылыс қызметін болжайтын жобаларға жерге құқық беру туралы жерге орналастыру жобасы (қажет болған кезде жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар залалдарының, алып қойылатын алқаптардың түріне байланысты ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндірісі шығындарының есебін қоса бере отырып) қоса беріледі.".