О внесении изменений в постановление акимата города от 17 мая 2010 года № 1355 "Об очередном призыве граждан 1983-1992 годов рождения на воинскую службу весной-осенью 2010 года"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города от 17 мая 2010 года № 1355 "Об очередном призыве граждан 1983-1992 годов рождения на воинскую службу весной-осенью 2010 года"
- Атауы (қаз.)
- Қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 17 мамырдағы № 1355 "2010 жылдың көктемі-күзінде 1983-1992 жылдары туған азаматтарды әскери қызметке кезекті шақыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2617
- Қабылданған күні
- 06.09.2010
- Көрсетілген редакция
- 22.07.2011 54443_202326.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.07.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10CA000142
- ЭКБ идентификаторы
- 54443
- Редакция идентификаторы
- 54443_202326
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:25
0 Қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 17 мамырдағы № 1355 "2010 жылдың көктемі-күзінде 1983-1992 жылдары туған азаматтарды әскери қызметке кезекті шақыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативті құқықтық актілер туралы» Заңының 28 бабына сәйкес, кадрлық өзгертулерге байланысты қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 17 мамырдағы № 1355 «2010 жылдың көктемі-күзiнде 1983-1992 жылдары туған азаматтарды әскери қызметке кезекті шақыру туралы» қаулысына (2010 жылғы 31 мамырда нормативті құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3-1-137 болып тіркелген, 2010 жылғы 8 маусымдағы № 70 «Актюбинский вестник» және «Ақтөбе» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 1) қалалық шақыру комиссиясы құрамынан Оразаев Жолдас Жарасұлы, Нұрғазиева Гүлжиян Рақымғалиқызы, Бахаев Бекжан Өтесінұлы шығарылсын;
2 2) қалалық шақыру комиссиясы құрамына:
Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының әлеуметтік сала және мәдени дамыту мониторингі бөлімінің бас маманы Мұнлықова Әсел Талғатқызы комиссия төрағасының орынбасары болып; «Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің келісім-шарт бойынша әскери қызметке алу және әскерге шақыру бөлімінің бастығы Әбдіқалықов Жасұлан Керейұлы резервтік комиссия төрағасы болып; № 4 қалалық емхананың дәрігерлік қадағалау комиссиясының төрайымы Қозыбаева Қаламқас Әбдірахманқызы медициналық комиссия төрайымы болып енгізілсін.