Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение маслихата от 17 сентября 2010 года № 205 "О правилах оказания жилищной помощи"

Ереже · № 291 · қабылданған 19.10.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2010-no-205/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в решение маслихата от 17 сентября 2010 года № 205 "О правилах оказания жилищной помощи" Күшін жойған Ереже ·№ 291 ·19.10.2011
31.10.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.10.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение маслихата от 17 сентября 2010 года № 205 "О правилах оказания жилищной помощи"

Күшін жойған Ереже ·№ 291 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение маслихата от 17 сентября 2010 года № 205 "О правилах оказания жилищной помощи"
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 205 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
291
Қабылданған күні
19.10.2011
Көрсетілген редакция
31.10.2012 AI61237_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.10.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11NF000132
ЭКБ идентификаторы
61237
Редакция идентификаторы
AI61237_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:26

0 Мәслихаттың 2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 205 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Аманкелді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" 2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 205 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-6-115 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 22 қазанда "Аманкелді арайы" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілген:

көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға қажетті құжаттар ұсынылған сәттен бастап күнтізбелік 10 күннің ішінде өтініш берушіге тұрғын үй көмегі тағайындалғаны немесе тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту туралы дәлелденген жауабын береді, жауаптын бір данасы өтініш берушіге беріледі.".

2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Аманкелді аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ М. Тобағабулов
19 қазан 2011 жыл
"Аманкелді ауданының қаржы
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
________________ Ж. Сеилова
19 қазан 2011 жыл
"Аманкелді ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ Т.Карбозов
19 қазан 2011 жыл

Қолданыстағы