О внесении дополнения в решение от 17 марта 2010 года № 25-3-IV "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Бородулихинского района"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в решение от 17 марта 2010 года № 25-3-IV "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Бородулихинского района"
- Атауы (қаз.)
- "Бородулиха ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 17 наурыздағы № 25-3-IV шешімге толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 33-9-IV
- Қабылданған күні
- 28.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 21.12.2012 AI57104_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.12.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10VH000127
- ЭКБ идентификаторы
- 57104
- Редакция идентификаторы
- AI57104_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:23
0 "Бородулиха ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына)
тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 17 наурыздағы N 25-3-IV шешімге толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28-бабына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Бородулиха ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 17 наурыздағы № 25-3-IV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2010 жылғы 15 сәуірде № 5-8-108 санымен тіркелген, аудандық «Аудан тынысы» газетінің 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 19 (6339) санында жарияланған) шешімге келесі толықтыру енгізілсін:
Ереженің 2-бөлімінің 6-тармағы келесі 6-1 тармақшасымен толықтырылсын:
«Егер тұрғын үйдің иесі немесе жалға алушысы бас бостандығынан айыру орындарында немесе уақытша ұстау изоляторында болса; туберкулез немесе психоневрологиялық диспансерлерде (стационарларда) емделіп жатса тұрғын үй көмегі бірге тұратын жақын туыстарына (әйеліне (күйеуіне), ата-анасына, балаларына, асырап алушыларына, асырап алғандарына, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы–інілер мен апалы–сіңілілеріне (аға-қарындастар), атасына, әжесіне, немерелеріне) тағайындалады».