О внесении изменений и дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 ноября 2010 года № 527 "Об утверждении Правил организации работы по подготовке, экспертизе и изданию учебников, учебно-методических комплексов и пособий"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 ноября 2010 года № 527 "Об утверждении Правил организации работы по подготовке, экспертизе и изданию учебников, учебно-методических комплексов и пособий"
- Атауы (қаз.)
- "Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдарды әзірлеу, сараптама жасау және басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 527 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 398
- Қабылданған күні
- 20.09.2011
- Көрсетілген редакция
- 24.07.2012 AI60888_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.07.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1100007242
- ЭКБ идентификаторы
- 60888
- Редакция идентификаторы
- AI60888_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:36
0 "Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдарды әзірлеу, сараптама жасау және басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 527 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдарды әзірлеу, сараптама жасау және басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 527 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6653 тіркелді, Жариялануы: «Егемен Қазақстан» 2011 жылғы 11 қаңтар № 6-7 (26409)) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдарды әзірлеу, сараптама жасау және басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ережесінде:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Сараптаманы «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі - «Оқулық» орталығы) жүргізеді.»;
20-тармақ алынып тасталсын;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. «Оқулық» орталығы бір оқулықтың, оқу-әдістемелік кешен мен құралдың сараптамасын осы Ереженің 18-тармағында көрсетілген материалдардың сараптамаға түскен күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде өткізеді.»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Оқулық» орталығы теріс сараптамалық нәтиже ұсынған жағдайда уәкілетті орган оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдардың әзірлеушісін күнтізбелік он бес күннің ішінде хабардар етеді.
Қайта сараптама күнтізбелік отыз күннің ішінде өткізіледі.
Қайтадан теріс сараптамалық нәтиже алған оқулық, оқу-әдістемелік кешен мен құрал ағымдағы жылы сараптамаға қабылданбайды.»;
47-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Тізбе келесі 4 оқу жылы бойы қолданыста болады.».