Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 17 января 2011 года № 11-2/13 «Об утверждении Правил применения контрольных приборов учета, обеспечивающих автоматизированную передачу информации об объемах производства биотоплива»

Бұйрық · № 34 · қабылданған 26.01.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2011-no-11-213/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 17 января 2011 года № 11-2/13 «Об утверждении Правил применения контрольных приборов учета, обеспечивающих автоматизированную передачу информации об объемах производства биотоплива» Қолданыста Бұйрық ·№ 34 ·26.01.2023
26.01.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 17 января 2011 года № 11-2/13 «Об утверждении Правил применения контрольных приборов учета, обеспечивающих автоматизированную передачу информации об объемах производства биотоплива»

Қолданыста Бұйрық ·№ 34 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 17 января 2011 года № 11-2/13 «Об утверждении Правил применения контрольных приборов учета, обеспечивающих автоматизированную передачу информации об объемах производства биотоплива»
Атауы (қаз.)
«Биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпараттың автоматтандырылған түрде берілуін қамтамасыз ететін есептегіш бақылау аспаптарын қолдану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 17 қаңтардағы № 11-2/13 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
34
Қабылданған күні
26.01.2023
Көрсетілген редакция
26.01.2023 178349_619663.kaz
Соңғы өзгеріс
26.01.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300031781
ЭКБ идентификаторы
178349
Редакция идентификаторы
178349_619663
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:33

0 «Биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпараттың автоматтандырылған түрде берілуін қамтамасыз ететін есептегіш бақылау аспаптарын қолдану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 17 қаңтардағы № 11-2/13 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпараттың автоматтандырылған түрде берілуін қамтамасыз ететін есептегіш бақылау аспаптарын қолдану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 17 қаңтардағы № 11-2/13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6760 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпараттың автоматтандырылған түрде берілуін қамтамасыз ететін есептегіш бақылау аспаптарын қолдану қағидалары»;
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Биоотын өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпараттың автоматтандырылған түрде берілуін қамтамасыз ететін есептегіш бақылау аспаптарын қолдану қағидасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі

0 Биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпараттың автоматтандырылған түрде берілуін қамтамасыз ететін есептегіш бақылау аспаптарын қолдану қағидалары

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 26 қаңтардағы
№ 34 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2011 жылғы 17 қаңтардағы
№ 11-2/13 бұйрығымен
бекітілген
Биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпараттың автоматтандырылған түрде берілуін қамтамасыз ететін есептегіш бақылау аспаптарын қолдану қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпараттың автоматтандырылған түрде берілуін қамтамасыз ететін есептегіш бақылау аспаптарын қолдану қағидалары «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпараттың автоматтандырылған түрде берілуін қамтамасыз ететін есептегіш бақылау аспаптарын қолдану тәртібін айқындайды.

2

2. Биоотын өндірісі биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган), облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) өндіріс көлемі туралы ақпараттың автоматтандырылған түрде берілуін қамтамасыз ететін есептегіш бақылау аспаптары (бұдан әрі – есептегіш аспаптар) болған кезде жүзеге асырылады.

3 3. Есептегіш аспаптар ретінде биоотын өндірісінің көлемдерін үздіксіз өлшеуді жүргізетін және олар туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде, бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы қашықтықтан беруді, өңдеуді, сақтауды және беруді (индикацияны) жүргізетін арнайы аспаптар қолданылады.

2 2-тарау. Биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпаратты автоматтандырылған түрде беруді қамтамасыз ететін есептегіш бақылау аспаптарын қолдану тәртібі

4 4. Биоотын өндірушілер есептегіш аспаптарды биоотын өндіру жөніндегі технологиялық желілерде орнатуды жүзеге асырады.

«Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін әзірлеу, бекіту, өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 923 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18059 болып тіркелген) сәйкес өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген және «Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу қағидаларын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18094 болып тіркелді) сәйкес тексеруден өткен есептегіш аспаптарды орнатуға рұқсат етіледі.

5 5. Есептегіш аспаптар болмаған және (немесе) ақаулы болған жағдайда, биоотын өндірісі жүзеге асырылмайды.

Есептегіш аспаптардың жұмысында ақаулар анықталған жағдайда, биоотын өндіруші ақауды тапқан күні уәкілетті органға және жергілікті атқарушы органға электрондық байланыс арналары арқылы электрондық түрде тиісті жазбаша хабарлама жібереді.
Биоотын өндіру процесін одан әрі іске қосу себептері анықталған жағдайда және есептегіш аспаптардың жұмысындағы ақаулар жойылғаннан кейін жүзеге асырылады.

6 6. Есептегіш аспаптың ақаулығы жойылған жағдайда, биоотын өндіруші ақаулық жойылған күні уәкілетті органға және жергілікті атқарушы органға электрондық байланыс арналары арқылы тиісті жазбаша хабарламаны электрондық түрде жібереді.

7 7. Есептегіш аспаптарды қолдану мынадай негізгі талаптарға сай болуы тиіс:

1

1) есептегіш аспаптардың көлемдік шығыстарды өлшеуішінің бастапқы түрлендіргіші өлшеу кезінде әрқашан барлық қимасы бойынша толып тұратын құбыржолдың көлбеу учаскесіне орнатылады. Есептегіш аспаптың фланеці мен дайын биоотынның шығаруын жүзеге асыратын жалғастырушы фланец арасына құбыржолдың аралық фланецін және басқа да ажыратқыштарды орнатуға жол берілмейді;

2 2) құбыржолдың көлбеу учаскесінде өлшеу кезінде есептегіш аспаптардың көлемдік шығыстарды өлшеуішінің жол берілетін ақаулығы ± 0,5 пайызды құрайды;

3 3) құбыржолдың есептегіш аспаптардың көлемдік шығыстарды өлшеуіші мен қысымды резервуарды жалғастыратын учаскесінде ауа шығаратын торап болуы мүмкін;

4 4) есептегіш аспаптар жұмысының температуралық режимі 0-ден + 40 градус Цельсийге дейін құрайды;

5 5) жадының сыйымдылығы өспелі көрсеткішпен көрсетіледі;

6 6) есептегіш аспаптар жұмысында кідірістер болған жағдайда, сондай-ақ оларды ауыстыру кезінде барлық жиналған ақпараттың сақталуы қамтамасыз етіледі;

7 7) заңсыз қолжетімділіктен қорғайтын қауіпсіздік жүйесінің (код, кілт, пломба, голографиялық жапсырма) болуы;

8 8) кідірістерден және сыртқы әсерлерден қорғаулы болуы (кернеуді қайтарғыш, үздіксіз қоректендіру көзі), ал апатты кідірістер жағдайында электрмен жабдықтаудың автономды жұмыс істеу ұзақтығы 3 тәуліктен кем болмайды;

9 9) есептегіш аспаптарда техникалық паспорт, пайдалану жөніндегі нұсқаулық және сәйкестік сертификаты болады.

8

8. Заңсыз қолжетімділікті болдырмас үшін көлемдік шығыстарды өлшегіш (шентемір жалғамалар) орнатылған орынды, ақпаратты өңдеу блогының қалқанын жергілікті атқарушы органның қызметкері биоотын өндірушіден хабарлама алған сәттен бастап 2 (екі) күн ішінде пломбалайды. Пломбалау қорытындысы бойынша пломбаларды салу орындары мен нөмірлерін көрсете отырып, еркін нысанда акт жасалады.

Қолданыстағы