О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 октября 2011 года № 1184 «Об уменьшении территории Каргалинского государственного природного заказника (зоологический) республиканского значения»
Қолданыста
Қаулы
·№ 571
·
17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 октября 2011 года № 1184 «Об уменьшении территории Каргалинского государственного природного заказника (зоологический) республиканского значения»
- Атауы (қаз.)
- «Республикалық маңызы бар Қарғалы мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумал аумағын азайту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 қазандағы № 1184 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 571
- Қабылданған күні
- 14.07.2023
- Көрсетілген редакция
- 14.07.2023 183952_644501.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2300000571
- ЭКБ идентификаторы
- 183952
- Редакция идентификаторы
- 183952_644501
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:52
0 «Республикалық маңызы бар Қарғалы мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумал аумағын азайту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 қазандағы № 1184 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Республикалық маңызы бар Қарғалы мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумал аумағын азайту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 қазандағы № 1184 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қызылорда облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) «РУ-6» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесінің уран өндіру үшін берілуін;
2) уран өндіру жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жер учаскелеріне рекультивация жүргізіліп, 2040 жылы көрсетілген жер учаскесінің қаумал құрамына қайтарылуын қамтамасыз етсін.».