Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 мая 2011 года № 523 "Об утверждении Правил организации и проведения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, периодичности прохождения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, а также формы диагностической карты технического осмотра" и приостановлении действий его норм

Қаулы · № 509 · қабылданған 24.04.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2011-no-523-ekb-64990/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 мая 2011 года № 523 "Об утверждении Правил организации и проведения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, периодичности прохождения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, а также формы диагностической карты технического осмотра" и приостановлении действий его норм Күшін жойған Қаулы ·№ 509 ·24.04.2012
10.08.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 мая 2011 года № 523 "Об утверждении Правил организации и проведения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, периодичности прохождения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, а также формы диагностической карты технического осмотра" и приостановлении действий его норм

Күшін жойған Қаулы ·№ 509 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 мая 2011 года № 523 "Об утверждении Правил организации и проведения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, периодичности прохождения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, а также формы диагностической карты технического осмотра" и приостановлении действий его норм
Атауы (қаз.)
"Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 қаулысына өзгерістер енгізу және оның нормаларының қолданылуын тоқтату туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
509
Қабылданған күні
24.04.2012
Көрсетілген редакция
10.08.2015 AI64990_2.kaz
Соңғы өзгеріс
10.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000509
ЭКБ идентификаторы
64990
Редакция идентификаторы
AI64990_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:23

0

"Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 қаулысына өзгерістер енгізу және оның нормаларының қолданылуын тоқтату туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 39, 474-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасында:

33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Көлік құралының тежеуін басқаруды тексеру көлік құралының санатына байланысты мынадай роликтік тежеуіш стенділерімен жүргізіледі:
1) N3 және 04 санаттары үшін білікке түсетін барынша жүктемесі 16 тоннадан кем емес;
2) М2, М3, N2, О3 санаттары үшін білікке түсетін барынша жүктемесі 10 тоннадан кем емес;
3) M1, N1, 02 санаттары үшін білікке түсетін барынша жүктемесі 2 тоннадан кем емес;
4) L3, L4, L5 санаттары үшін 1 доңғалаққа түсетін барынша салмақ 0,6 тонна.
41-тармақта:
4) тармақшаның он үшінші абзацы алынып тасталсын;
6) тармақшаның он алтыншы және он жетінші абзацтары алынып тасталсын;
7) тармақшаның төртінші, жетінші және оныншы абзацтары алынып тасталсын.

2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігінде:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің бұдан кейінгі міндетті техникалық байқаудан өту мерзімі бастапқы міндетті техникалық байқаудан өту күнінен бастап есептеледі.
Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу кезеңділігінің 1-тармағының 1) тармақшасының қолданысы 2011 жылғы мамыр - қыркүйек аралығында мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өткен, шығарылған жылын қоса алғанда, 7 жылдан асатын, таксиді қоспағанда, жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша орталық атқарушы органда тіркелген M1 санатты механикалық көлік құралдарына қолданылмайды.
Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу кезеңділігінің 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген механикалық көлік құралдары:
1) мемлекеттік техникалық байқаудан:
2011 жылғы мамырда өткендер 2012 жылғы қарашада міндетті техникалық байқаудан өтеді;
2011 жылғы маусымда өткендер 2012 жылғы желтоқсанда міндетті техникалық байқаудан өтеді;
2) мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан:
2011 жылғы шілдеде өткендер 2013 жылғы қаңтарда міндетті техникалық байқаудан өтеді;
2011 жылғы тамызда өткендер 2013 жылғы ақпанда міндетті техникалық байқаудан өтеді;
2011 жылғы қыркүйекте өткендер 2013 жылғы наурызда міндетті техникалық байқаудан өтеді.".

3 3) көрсетілген қаулымен бекітілген техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысаны осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген қаулымен бекітілген Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасының 34-тармағы 6) тармақшасының және 44-тармағының қолданылуы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.

3

3. Осы қаулы 2012 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілетін және 2013 жылғы 1 сәуірге дейін қолданылатын осы қаулының 1-тармағының он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 №____ техникалық байқаудың диагностикалық картасы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 24 сәуірдегі
№ 509 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 17 мамырдағы
№ 523 қаулысымен
бекітілген
Нысаны
№____ техникалық байқаудың диагностикалық картасы
АКҚ тексеру орыны:                     Бастапқы тексеру
Қайталап тексеру
Мем­ле­кет­тік тір­кеу бел­гі­сі:
Мар­ка, мо­дель:
Шы­ға­ры­л­ған жы­лы:
Мо­дель, қоз­ғалт­қыш №:
ша­нақ №:
шас­си (ра­ма) №:
Сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі VIN:
АКҚ мен­шік ие­сі:
АКҚ мен­шік ие­сі­нің өкі­лі:
Тір­кеу құ­жа­ты:
Се­рия:
Нө­мі­рі:
100
Те­жеу жүй­е­сі
Жұ­мыстық те­жеу жүй­е­сі­нің үле­стік те­же­гіш кү­ші
101
Тұ­рақ­тық те­жеу жүй­е­сі­нің үле­стік те­же­гіш кү­ші
102
Доң­ға­лақ­тар­дың те­же­гіш кү­ші­нің са­лы­стыр­ма­лы ай­ыр­ма­шы­лы­ғы
103
Пнев­ма­ти­ка­лық те­жеу же­те­гі­нің гер­ме­ти­ка­лы­ғы
104
Гид­рав­ли­ка­лық те­жеу же­те­гі­нің гер­ме­ти­ка­лы­ғы
105
Ма­но­метр, сиг­нал бе­ру жүй­е­сі
106
Сығ­ым­дал­ған ауа қы­сы­мы
107
Жұ­мыстық те­жеу жүй­е­сі­нің іс­ке қо­сы­лу уа­қы­ты
108
Те­жеу ке­зін­де­гі же­лі­лік ауыт­қу
109
Қо­сал­қы те­жеу жүй­е­сі
110
Те­жеу жүй­е­ле­рі эле­мент­те­рі­нің жай-күйі
111
200
Руль­мен бас­қа­ру
Жиын­тық люфт
201
Бөл­шек­тер­дің ығы­суы, бұ­ран­да­лық қо­сы­лы­стар­дың бе­кі­ті­луі
202
Руль­мен бас­қа­ру­ды кү­шейт­кіш
203
Руль­мен бас­қа­ру эле­мент­те­рі­нің жай-күйі
204
300
Сырт­қы жа­рық ас­пап­та­ры
Алыc және жа­қын жа­рық фа­ра­ла­ры, қо­сым­ша фа­ра­лар
301
Тұ­ман­ға қар­сы фа­ра­лар
302
Те­жеу сиг­нал­да­ры
303
Га­ба­рит­тік жа­рық, арт­қы, тұ­ман­ға қар­сы жа­рық
304
Бұ­ры­лы­сты нұс­қа­ғы­штар, ава­ри­я­лық сиг­нал бе­ру
305
Тір­кеу бел­гі­сін жа­рық­тан­ды­ру ша­мы
306
Арт­қы жү­ріс жа­ры­ғы
307
Жа­рық той­тар­ғы­штар
308
Ав­то­по­езд бел­гі­сі
309
400
Жел­қа­ғар әй­нек­тер­дің әй­нек та­за­ла­ғы­штар, әй­нек жу­ғы­шта­ры
Әй­нек та­за­ла­ғы­штар
401
Әй­нек жу­ғы­штар
402
500
Доң­ға­лақ­тар мен ши­на­лар
Про­тек­тор­дың то­зуы
501
Ши­на­лар­дың за­қым­да­луы
502
Ши­на­лар­ды ор­на­ту
503
Доң­ға­лақ­тар­дың дис­кі­ле­рі мен құр­са­у­ла­ры­ның бе­кі­ті­луі, жай-күйі
504
600
Қоз­ғалт­қыш және оның жүй­е­ле­рі
СО және СН құ­ра­мы
601
Ди­зель­ді қоз­ғалт­қы­штың тү­т­ін­де­гіш­ті­гі
602
Қо­рек­те­ну жүй­е­сі
603
Шы­ға­ру жүй­е­сі
604
700
Кон­струк­ци­я­ның бас­қа эле­мент­те­рі
Тір­кеу бел­гі­ле­рі
701
Кө­лік құ­ра­лы­ның таң­ба­ла­нуы
702
Арт­қы кө­рі­ніс ай­на­ла­ры
703
Ды­быст­ық сиг­нал
704
Әй­нек­тер (шо­лу ауқы­мы, ашық­тығы)
705
Спи­до­метр
706
Ас­па­ның, кар­дан бе­рі­лі­сі­нің эле­мент­те­рі
707
Жүр­гі­зу­ші­нің отыр­ғы­шын рет­теу те­тікте­рі
708
Есік­тер­дің құлып­та­ры, борт­тар­дың, шан­ның іл­мек­те­рі
709
Есік­тер­ді бас­қа­ру же­те­гі
710
Ава­ри­я­лық шы­ға­бе­рі­стер
711
Ай­дап ке­ту­ге қар­сы құ­ры­л­ғы­лар
712
Әй­нек­тер­ді жы­лы­ту және жел­пі­ту құ­ры­л­ғы­ла­ры
713
Лай­дан қор­ға­ғыш ал­жап­қы­штар; ша­шы­рат­қы­штар
714
Ілі­ні­стік құ­ры­л­ғы
715
Ме­ди­ци­на­лық қоб­ди­ша, өрт сөн­дір­гіш­тер, ава­ри­я­лық тоқ­тау бел­гі­сі
716
Жы­л­жу­ға қар­сы ті­рек­тер
717
Қа­уіп­сіз­дік бел­дік­те­рі
718
Кө­лік құ­ра­лы­ның кон­струк­ци­я­сы­на ен­гі­зі­л­ген өзгер­ту­лер
719
Жол қоз­ға­лы­сы қа­уіп­сіз­ді­гі­нің та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­ді
Жол қоз­ға­лы­сы қа­уіп­сіз­ді­гі­нің та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­мей­ді:
Тек­се­ру жүр­гі­зіл­ме­ген:
Тек­се­ру ба­ры­сын­да анық­тал­ған ақа­улық­тар ту­ра­лы ес­кер­ту­лер және қо­сым­ша ақ­па­рат:
АКҚ техникалық жай-күйіне тексеру жүргізген:
Күні: ________________ _______________________________________
(Тексеруді жүргізген маманның
аты-жөні,қолы)
Техникалық байқау орталығының (ТБО) қорытындысы:
АКҚ ___________________________________________________________
(ақаусыз/ақаулы) (ТТО маманының лауазымы) (күні, қолы)

Қолданыстағы