О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 мая 2011 года № 523 "Об утверждении Правил организации и проведения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, периодичности прохождения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, а также формы диагностической карты технического осмотра"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 мая 2011 года № 523 "Об утверждении Правил организации и проведения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, периодичности прохождения обязательного технического осмотра механических транспортных средств и прицепов к ним, а также формы диагностической карты технического осмотра"
- Атауы (қаз.)
- "Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1532
- Қабылданған күні
- 31.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 10.08.2015 AI76643_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1300001532
- ЭКБ идентификаторы
- 76643
- Редакция идентификаторы
- AI76643_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:12
0
"Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 39, 474-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасында:
20, 21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Кесте техникалық байқау операторларының тiзiлiміне енгізу туралы хабарламаны алған күнінен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қызмет өңірі шегінде жергілікті атқарушы органға келiсуге ұсынылады.
Кестені кейіннен жергілікті атқарушы органға келісуге ұсынуды техникалық байқау операторы жыл сайын қызмет өңірі шегінде көлік құралдарын міндетті техникалық байқауды өткізу басталғанға дейін, күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жүзеге асырады.
21. Жергілікті атқарушы орган келісуге ұсынылған кестенi түскен күнінен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарайды.
22. Кестенi жергілікті атқарушы органмен келiскен күнінен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде техникалық байқау операторы қызмет өңiрiндегі халықты кесте туралы хабардар етеді.»;
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«47. Мiндеттi техникалық байқаудан өткендiгi туралы куәлiкке техникалық байқау операторының басшысы немесе осыған уәкілеттік берілген тұлға қол қояды.»;
63, 64, 66-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«63. Техникалық байқау операторының техникалық байқаудың стационарлық желiлерiнiң көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқауды жүргiзуi бойынша ақпараты күн сайын онлайн режимiнде мiндеттi техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне беріледі.
64. Техникалық байқау операторының техникалық байқаудың ұтқыр желiлерiнiң көлiк құралдарын мiндеттi техникалық байқауды жүргiзуi бойынша ақпараты күнтiзбелiк екi күнде бiр рет мiндеттi техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне беріледі.
66. Мiндеттi техникалық байқаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiнде көлiк құралдарының мiндеттi техникалық байқаудан өткендiгi туралы куәлiктер бланкiлерiнiң нөмiрлiк есебi жүргiзiледi.»;
68 және 69-тармақтар алынып тасталсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1532 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 13 мамырдағы
№ 523 қаулысымен
бекітілген
Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігі