О внесении изменений и дополнения в постановление акимата от 17 февраля 2011 года № 62 "Об определении мест размещения агитационных материалов"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление акимата от 17 февраля 2011 года № 62 "Об определении мест размещения агитационных материалов"
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 62 "Үгіт материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 544
- Қабылданған күні
- 30.11.2011
- Көрсетілген редакция
- 14.05.2020 61786_460981.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11NC000156
- ЭКБ идентификаторы
- 61786
- Редакция идентификаторы
- 61786_460981
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:01
0 Әкімдіктің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 62 "Үгіт материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағын орындау үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру мақсатында және сайлау өткізуге байланысты, Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Арқалық қаласы әкімдігінің "Үгіт материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" 2011 жылғы 17 ақпандағы № 62 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-3-142 тіркелген, 2011 жылғы 23 ақпандағы № 7 (340) "Арқалық хабары" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы "үгіт" деген сөзден кейін "баспа" деген сөзбен толықтырылсын;
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28- бабының 6-тармағына сәйкес үгіттік баспа материалдарын орналастыру мақсатында және сайлау өткізуге байланысты, Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"Барлық қандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін мынадай орындар белгіленсін:".
2 2. Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н. Шалдыбаевқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Арқалық қалалық
аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
______ Ш. Тасмағамбетов