О внесении изменения в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 17 февраля 2011 года № 74 «Об утверждении Особенностей учета рабочего времени и времени отдыха работника железнодорожного транспорта, непосредственно связанного с движением поездов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 17 февраля 2011 года № 74 «Об утверждении Особенностей учета рабочего времени и времени отдыха работника железнодорожного транспорта, непосредственно связанного с движением поездов»
- Атауы (қаз.)
- «Темiржол көлiгiнiң поездар қозғалысына тiкелей байланысты қызметкердің жұмыс уақытының және демалыс уақытының есепке алуының ерекшеліктерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 74 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 362
- Қабылданған күні
- 05.11.2024
- Көрсетілген редакция
- 05.11.2024 202362_728188.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.11.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400035335
- ЭКБ идентификаторы
- 202362
- Редакция идентификаторы
- 202362_728188
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 08:55
0 «Темiржол көлiгiнiң поездар қозғалысына тiкелей байланысты қызметкердің жұмыс уақытының және демалыс уақытының есепке алуының ерекшеліктерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 74 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Темiржол көлiгiнiң поездар қозғалысына тiкелей байланысты қызметкердің жұмыс уақытының және демалыс уақытының есепке алуының ерекшеліктерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 74 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6859 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Поездар қозғалысымен тікелей байланысты теміржол көлігі қызметкерінің жұмыс уақыты мен демалыс уақытын есепке алуының ерекшеліктерінде:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Қызметкерлердің үйде кезекшілік және арнайы жабдықталған бөлмедегі объектіде кезекшілік ету кезеңінде оларға ақы төлеу үшін жұмыс уақытын есептеу Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 79-бабына сәйкес жүргізіледі.
Үйдегі кезекшілікте болған соң қызметкерге ұзақтығы кем дегенде 12 сағат демалыс беріледі.».
2 2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі