Құжат мәтініне өту

О предоставлении единовременной социальной помощи нуждающимся гражданам которым причинен вред здоровью, семьям погибших в результате событий произошедших 17 декабря 2011 года в селе Шетпе

Өзге акт · № 6/49 · қабылданған 10.09.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2011/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О предоставлении единовременной социальной помощи нуждающимся гражданам которым причинен вред здоровью, семьям погибших в результате событий произошедших 17 декабря 2011 года в селе Шетпе Күшін жойған Өзге акт ·№ 6/49 ·10.09.2012
10.09.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.09.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении единовременной социальной помощи нуждающимся гражданам которым причинен вред здоровью, семьям погибших в результате событий произошедших 17 декабря 2011 года в селе Шетпе

Күшін жойған Өзге акт ·№ 6/49 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении единовременной социальной помощи нуждающимся гражданам которым причинен вред здоровью, семьям погибших в результате событий произошедших 17 декабря 2011 года в селе Шетпе
Атауы (қаз.)
Шетпе селосында 2011 жылы 17 желтоқсанда орын алған оқиға салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына, денсаулығы зақымданған мұқтаж азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек беру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6/49
Қабылданған күні
10.09.2012
Көрсетілген редакция
10.09.2012 AI67591_0.kaz
Соңғы өзгеріс
10.09.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12ME002149
ЭКБ идентификаторы
67591
Редакция идентификаторы
AI67591_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:23

0 Шетпе селосында 2011 жылы 17 желтоқсанда орын алған оқиға салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына, денсаулығы зақымданған мұқтаж азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек беру туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабының 1-тармағының 1)тармақшасына және «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 Қаулысымен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет стандартының 3-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Шетпе селосында 2011 жылы 17 желтоқсанда орын алған оқиға салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына, денсаулығы зақымданған мұқтаж азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – біржолғы әлеуметтік көмек) жергілікті бюджет есебінен келесі мөлшерде берілсін:

қаза тапқандардың отбасыларына – 1 000 000 (бір миллион) теңге; денсаулығы зақымданған азаматтарға – 500 000 (бесжүз мың) теңге.

2 2. Біржолғы әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарды анықтауды жергілікті атқарушы орган құрған арнайы комиссия жүзеге асырады.

3 3. Біржолғы әлеуметтік көмек тағайындау «Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен жүзеге асырылады (С.Каимова, келісім бойынша).

4 4. Осы шешімнің орындалысын бақылау Маңғыстау аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттігі және әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрайымы Қ.Қ.Бөбетай) жүктелсін.

5 5. Біржолғы әлеуметтік көмек беру азаматтардың екінші деңгейлі банктегі есеп шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.

6 6. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
«Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Каимова Сәнімгүл Нақыпқызы
10 қыркүйек 2012 жыл
«Маңғыстау аудандық экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Шабикова Рима Нерражимқызы
10 қыркүйек 2012ж

Қолданыстағы