Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 января 2012 года № 87 "Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам здравоохранения"

Қаулы · № 450 · қабылданған 04.05.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2012-no-87/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 января 2012 года № 87 "Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам здравоохранения" Күшін жойған Қаулы ·№ 450 ·04.05.2014
08.09.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 января 2012 года № 87 "Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам здравоохранения"

Күшін жойған Қаулы ·№ 450 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 января 2012 года № 87 "Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам здравоохранения"
Атауы (қаз.)
"Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 87 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
450
Қабылданған күні
04.05.2014
Көрсетілген редакция
08.09.2015 AI79539_2.kaz
Соңғы өзгеріс
08.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400000450
ЭКБ идентификаторы
79539
Редакция идентификаторы
AI79539_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:47

0 "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 87 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 87 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 25, 347-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында:
3-тармақта:

12 12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

12

«12) токсикологиялық қауіпті қалдықтар – пайдалануға жатпайтын қалдықтар (дәрілік, оның ішінде цитостатиктер, диагностикалық, дезинфекциялау құралдары), құрамында сынап бар заттар, аспаптар мен жабдық, фармацевтикалық өндірістердің шикізаттары мен өнімдерінің қалдықтары, жабдықты, көлікті, жарықтандыру жүйелерін пайдалану қалдықтары) – Г сыныбы»;

2 «2. Денсаулық сақтау объектілерін жобалауға, салуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» деген 2-бөлімде:

7 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

7

«7. Болу режимі ерекше науқастарға арналған мамандандырылған денсаулық сақтау объектілерін (психиатриялық, туберкулезге қарсы, наркологиялық) және науқастардың ұзақ уақыт бойы болуына арналған қуаты 1000 төсектен астам кешендерді қала маңындағы аймаққа немесе шеткері аудандарға, мүмкіндігінше – қоныстану аумағынан кемінде 500 метр (бұдан әрі – м) қашықтықты сақтай отырып, жасыл массивтерде орналастыру керек.
Туберкулезге қарсы стационарларда периметрі бойынша биіктігі кемінде 2,5 м тұтас қоршау, бақылау-өткізу пункті, күзет көзделуі тиіс.»;

8 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

8 «8. Денсаулық сақтау объектілерінің аумағы арқылы магистральдық инженерлік коммуникациялардың (сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау) өтуіне жол берілмейді.»;

11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Туберкулезге қарсы стационарлардың аумағында бактерия бөлетін, бактерия бөлмейтін науқастар үшін бөлек қоршалған серуендеу алаңдары көзделеді.»;

13 13-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Қоғамдық және тұрғын үй ғимараттарының жертөле және цокольдық қабаттарында стоматологиялық объектілерді орналастыруға жол берілмейді.»;

14 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

14

«14. Септикалық және асептикалық операциялық блоктарда (бөлімшелерде) ішкі үй-жайларды қатаң түрде аймаққа бөлу (стерильді аймақ, қатаң режим аймағы, «лас» үй-жайлар аймағы) қамтамасыз етіледі. Операциялық блокты басқа емдеу корпустарына орналастырған кезде жылытылған өтпелер көзделуі қажет. Кезек күттірмейтін хирургияға арналған операциялық бөлімшелерді қабылдау бөлімшелерінің құрамында орналастыруға болады.»;
18, 19, 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

18

«18. Операциялық блокта (бөлімшеде) мынадай ағындардың қозғалысы көзделуі керек: «стерильді» (операция жасайтын және ассистент болатын хирургтер, операциялық мейіргерлер), «таза» (анестезиологтар, кіші және техникалық персонал, науқасты, таза киім-кешекті, дәрі-дәрмектерді жеткізу), «лас» (медициналық қалдықтарды, пайдаланылған киім-кешекті, таңу материалын шығару).

19

19. Асептикалық бөлімшелерді (блоктарды) қатерлі ісікпен ауыратын науқастарды қарқынды химиялық емдеумен, алдын ала иммундық-депрессивтік емдеу фонында сүйек кемігі мен басқа да ағзаларды транспланттаумен, жіті сәуле ауруларымен, агранулоцитозбен, иммун тапшылығы жағдайында өтетін аурулармен ауыратын науқастарды емдеумен айналысатын денсаулық сақтау объектілерінде, сондай-ақ мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін басқа да денсаулық сақтау ұйымдарында ұйымдастырады.

20 20. Асептикалық бөлімшелерге (блоктарға) мыналар кіреді: дәретханасы, ваннасы немесе себезгісі бар палаталар, емшара қабылдау бөлмесі, дәрігер кабинеті, буфет, стерильді материалды сақтауға арналған үй-жай және бөлімшенің бейініне байланысты басқа да үй-жайлар.»;

21, 23-тармақтар алынып тасталсын;
24, 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

24 «24. Қан қызметі ұйымдарында өндірістік үй-жайлар «таза» және «шартты лас» ағындардың қиылысуын болдырмайтын технологиялық жүйелілікті сақтай отырып, функционалдық блок бойынша жобаланады.

25 25. Ана мен баланы қорғау объектілерінде, көп бейінді ауруханалардың хирургиялық бөлімшелерінде, инфекциялық аурулар стационарларында (бөлімшелер) бөлімшелерді бөлуді қамтамасыз ету қажет.»;

29 29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

29 «29. Палаталарда төсектер алаңға қатаң сәйкестікпен орнатылады.

Туберкулезге қарсы стационарларда науқастарды емдеуге жатқызу және олардың ағымын бөлу ағындардың қиылысуын болдырмау үшін эпидемиологиялық мәртебеге (қақырық жағындысының микроскоптық нәтижелеріне, дәрілік сезімталдыққа тестілеуге, емдеу режиміне) сәйкес жүргізіледі.»;
33, 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

33 «33. Туберкулезге қарсы стационарлардың әрбір бөлімшесі арасында ауаны зарарсыздандыру құрылғысымен, қол жууға арналған раковинамен жабдықталған шлюз құрылғысы бар «таза» және «лас» аймақтарға бөлінеді.

Шлюздің тұмшаланған есіктерін үй-жайдың барлық периметрі бойынша орналастыру, «лас» аймақ жағына қарай ашылатын диагональ бойынша орнату және өздігінен жабылатын тетіктермен жарақтау қажет.

34 34. Бактериологиялық зерттеулерді орындауға арналған туберкулезге қарсы диспансерлердің (бөлімшелердің) бактериологиялық зертханаларында:

1 1) жұғындыларды дайындауға және бояуға арналған;

2 2) бактериоскопияға арналған;

3 3) препараттарды тіркеуге және сақтауға арналған үш жеке секция болуы қажет.»;

мынадай мазмұндағы 42-1-тармақпен толықтырылсын:

42-1 «42-1. Дербес ұйымдастырылған медициналық және стоматологиялық кабинеттерде үш жұмыс орнына дейін кемінде 6,0 м2, төрт және одан да астам жұмыс орындары үшін кемінде 8,0 м2 жуу-стерильдеу алаңын көздеу керек.

Пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес стерильдеу жабдығын жұмыс орындарында тікелей орнатуға рұқсат етіледі.»;

46 46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

46 «46. Инфекциялық (оның ішінде туберкулезге қарсы) стационардың қабылдау бөлімшесінде кемінде екі қабылдау-тексеру боксы көзделеді.

Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде қабылдау бөлімшесіне кірмей, науқастарды емдеуге жатқызуға рұқсат етіледі.»;
51-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әйелдер палаталы секцияларының санитариялық тораптары араластырғыш арқылы ыстық және салқын су келтірілген раковинамен, себезгі кабинасымен немесе ваннамен, унитазбен және бидемен жабдықталады.»;

55 55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

55 «55. Балаларға арналған оңалту орталықтарының жатын үй-жайлары оқшауланған палаталы секциялардан тұрады. Секция құрамы ойын бөлмесімен, жатын палатамен, кептіру шкафтары бар киім ілетін орынмен, буфет бөлмесімен қосымша жабдықталады.

Балаларға арналған жатын палаталарының сыйымдылығы бес орыннан аспауы тиіс. Екі секцияға үтіктеуге және киім тазалауға арналған бөлме, балалардың заттарын сақтауға арналған үй-жай беру қажет.»;
56-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ересектерге арналған оңалту орталығында бір төсектік және екі төсектік жатын бөлмелер көзделуі керек.»;
мынадай мазмұндағы 64-1-тармақпен толықтырылсын:

64-1 «64-1. Стоматологиялық ұйымдарды осы Санитариялық қағидалардың талаптары сақталған жағдайда жеке кіру есігі бар тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың бірінші қабаттарында орналасқан жеке тұрған, жапсарлас (ішіне жапсарлас) салынған үй-жайларда орналастыруға рұқсат етіледі.

Тіс техникасы зертханаларында негізгі үй-жайдағы тіс технигінің жұмыс орны арнайы тіс техникасы үстелімен және шаңды жергілікті соруға арналған электрлі тегістеу машинасымен жабдықталады. Тіс техникасы зертханасының алаңы кемінде 7,0 м2, бір жұмыс орнына кемінде 4,0 м2. Стерильдеу және дәнекерлеу бөлмелерінде механикалық іске қосылатын сору шкафтары; негізгі үй-жайлардағы тіс техниктерінің жұмыс орындарында және ысып жылтырататын бөлмедегі әрбір ысып жылтырататын машина жанында шаңды жергілікті сорғыштар, құю бөлмесінде сыртқа тепкіш құю пешінің үстінде, дәнекерлеу бөлмесінде газ плитасының үстінде, полимеризациялық үй-жайда жұмыс үстелінің үстінде сору шатырлары жабдықталады.»;

68 68-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Денсаулық сақтау объектілерінде едендердің линолеум жабындарының ақаулары болмайды, негізге тығыз жапсырылған тегіс болып табылады.»;

69 69-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Денсаулық сақтау ұйымдарында күрделі жөндеу уақытында науқастардың болуына рұқсат етілмейді.»;

72 72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

72

«72. Денсаулық сақтау объектілерінің палаталарында, кабинеттерінде, дәретханаларында, емшара бөлмелерінде, таңу бөлмелерінде, қосалқы үй-жайларда араластырғыштар арқылы ыстық және суық су келтірілген раковиналар орнатылады. Құрал-саймандарды өңдеу жүргізілетін кабинеттерде қол жууға және құрал-сайманды өңдеуге арналған жеке раковина көзделеді.»;

88 88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

88 «88. Денсаулық сақтау объектілерінің үй-жайларындағы микроклимат пен ауа ортасының тиімді жағдайлары желдету, ауа баптау және жылыту жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Сору-сыртқа таратудың желдеткіш жүйелері тазалық сыныбына сәйкес үй-жайлар топтарына қызмет көрсетеді.

Желдеткіш және ауа өткізгіштердің ауа баптау жүйелерін профилактикалық тексеру, жөндеу, механикалық сору-сыртқа тарату желдеткіші және ауа баптау жүйелерін тазарту және дезинфекциялау бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.
Объектілер үй-жайларының температурасы, ауа алмасу жиілігі табиғи ауа алмасуы кезінде осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшада белгіленген параметрлерге сәйкес келеді.»;

90 90-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Денсаулық сақтау объектілерінде басшының бұйрығымен ауаны желдету және баптау жүйелерін пайдалануға, желдеткіш жүйелерінің жоспарлы-профилактикалық жөндеу кестесінің орындалуына жауапты адам тағайындалады.»;

100 100-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Денсаулық сақтау ұйымдарында желдеткіш жүйелерін тазарту және дезинфекциялау тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізіледі.»;

107 107-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

107

«107. Сору-сыртқа тарату желдеткіші мен ауа баптаудың дербес жүйелері мына үй-жайлар үшін көзделеді: операциялық блоктар, реанимация залдары мен қарқынды терапия палаталары (септикалық және асептикалық бөлімшелер үшін бөлек), босандыру залдары (босандыру палаталары), жаңа туған нәрестелер палаталары, онкогематологиялық, диализдік, күйік бөлімшелері, таңу бөлмелері, жекелеген палаталық секциялар, рентген кабинеттері.»;
3-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

3 «3. Денсаулық сақтау объектілерінің үй-жайлары мен жабдығын күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»;

112 112-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Жинау мүкәммалында үй-жайлар және жинау жұмыстарының түрлері көрсетілген анық таңбасы болуы, қатаң түрде тағайындалуы бойынша пайдаланылуы, дезинфекциялануы тиіс.»;

114 114-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Күрделі жинау жүргізу үшін персонал арнайы киіммен, жеке қорғаныш құралдарымен, таңбаланған жинау мүкәммалымен және таза шүберекпен қамтамасыз етіледі.»;

117 117-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

117

«117. Операциялық бөлмелерде, таңу бөлмелерінде, босандыру залдарында, реанимация палаталарында, жаңа туған және шала туған нәрестелер мен бір жасқа дейінгі нәрестелер палаталарында, емшара бөлмелерінде, инфекциялық бокстарда, асептикалық режимі бар үй-жайларда әрбір ағымдық жинаудан кейін отыз минутқа, ал күрделі жинаудан кейін екі сағатқа ультракүлгін сәулелегіштер қосылады.
Ауаны зарарсыздандыру үшін басқа қондырғыларды қолдану кезінде есептеу пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.»;

118 118-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Ауаның тұқымдалуын қауіпсіз деңгейге дейін төмендету үшін мынадай технологияларды қолдануға рұқсат етіледі:
адамдар жоқ кезде қолданылатын ашық және аралас бактерицидтік сәулелегіштердің және жабық сәулелегіштердің, оның ішінде адамдар бар кезде ауаны зарарсыздандыру жүргізуге мүмкіндік беретін рециркуляторлардың көмегімен ультракүлгін сәулемен әсер ету;
бактериялық сүзгілерді, оның ішінде электрлі сүзгілерді қолдану.
Сәулелегіштер мен сүзгілер пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес пайдаланылады.»;

119 119-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

119 «119. Науқастардың киім-кешегін ауыстыру жеті күнде бір рет және ластануына қарай жүргізіледі.

Стационарлық емделіп жүрген туберкулезбен ауыратын науқастар аурухана киімімен қамтамасыз етіледі.
Босанған әйелдердің төсек жабдығын ауыстыру әрбір үш күн сайын және ластануына қарай жүргізіледі.»;

125 125-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

125 «125. Таза және лас киім-кешекті тасымалдау қаптамаланған күйде («таза», «лас» киім-кешек) таңбаланған жабық ыдыста жүзеге асырылады.»;

131 131-тармақ алынып тасталсын;

133 133-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

133 «133. Шанышпалы және үшкір заттар алдын ала бөлшектелмей және дезинфекцияланбай, тесілмейтін және ылғалға төзімді ЖҚКЖК-ға медициналық қалдықтардың басқа түрлерінен бөлек жиналады.

ЖҚКЖК үшкір заттармен жарақаттануды болдырмайтындай сенімді және бір рет жабылады.»;

134 134-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Сұйық биосубстраттар (қан, сары су, жұлын сұйықтығы) міндетті түрде зарарсыздандыруға (дезинфекциялауға) жатады, содан кейін су бұру жүйесіне төгіледі.»;

135 135-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«ЖҚКЖК-ы көлемінің үштен екісінен асырмай толтырылады және қақпақпен тығыз жабылады және үш тәуліктен асырмай сақталатын медициналық қалдықтарды уақытша сақтауға арналған үй-жайға жіберіледі.»;

137 137-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

137 «137. Б сыныбының паталогиялық-анатомиялық және органикалық операциялық қалдықтары (ағзалар мен тіндер) термикалық тәсілмен залалсыздандырылуы тиіс.

Зираттарға қалдықтарды көмуді қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаты бар ұйымдар жүзеге асырады.»;

153 153-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Автокөліктің «Биологиялық қауіпті қалдықтар» деген халықаралық таңбасы болуы тиіс.»;

154 154-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

154 «154. Медициналық қалдықтарды тасымалдауға тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы жөніндегі орган берген оң санитариялық-эпидемиологиялық қортындысы бар автокөлік құралына рұқсат етіледі.»;

мынадай мазмұндағы 155-1-тармақпен толықтырылсын:

155-1 «155-1. Денсаулық сақтау объектілерінің аумағында медициналық қалдықтарды залалсыздандыру бойынша арнайы қондырғыларды орналастыру және пайдалану оң санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды және экологиялық сараптама болған кезде рұқсат етіледі.

Қондырғыны орналастыру үшін мыналар көзделеді: ауданы кемінде 10,0 м2 қалдықтарды уақытша сақтау үй-жайы, ауа ағымын сору қасиеті бар сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталған, су бұру жүйесіне ағылатын және су келтірілген ауданы кемінде 20,0 м2 қондырғыны орналастыру үй-жайы (егер өзгесін өндіруші көздемеген болса), қызметтік-тұрмыстық үй-жай (персоналдың бөлмесі, санитариялық торап, себезгі).
Ішкі әрлеу үшін үй-жайлардың функциялық мақсатына сәйкес материалдар пайдаланылады.»;

177 177-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

177 «177. Туберкулезге қарсы ұйымдардың басшылары персоналды халықаралық стандарттарға сәйкес келетін кемінде 94% қорғаныш дәрежесі бар респираторлармен мынадай жағдайларда қамтамасыз етуі керек:

1 1) инфекциялық аэрозольдің пайда болу тәуекелі жоғары ем-шара кезінде (бронхоскопия, трахея интубациясы, қақырық жинау рәсімі, бактериоскопия, бактериялық егу);

2 2) тексерулер, консультация, тәрбие жұмысын жүргізу кезінде туберкулезбен ауыратын науқастар немесе күдікті науқастар бар палаталарға (секциялар, камералар) барған уақытта науқастармен тікелей байланыс кезінде.»;

216 216-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Туберкулезге қарсы стационарларда күнтізбелік он төрт күн ішінде палаталарды толтыру циклдігін қамтамасыз ету керек.»;

217 217-тармақ алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 235-тармақпен толықтырылсын:

235 «235. Денсаулық сақтау объектілерінде зертханалық бақылау осы Санитариялық қағидаларға 9 және 10-қосымшаларға сәйкес жүргізіледі.»;

көрсетілген Санитариялық қағидалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 9 және 10-қосымшалармен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Денсаулық сақтау объектілерінде жоспарлы тексерулер кезінде жүргізілетін зертханалық-құрал-саймандық зерттеулер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 4 мамырдағы
№ 450 қаулысына
1-қосымша
«Денсаулық сақтау объектілеріне
қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына
9-қосымша
Денсаулық сақтау объектілерінде жоспарлы тексерулер кезінде жүргізілетін зертханалық-құрал-саймандық зерттеулер
1-кесте
Р/с №
Зерт­те­улер түр­ле­рі
Зерт­те­улер ке­зең­ді­лі­гі
Сы­на­ма алу неме­се өл­шеу ор­ны
1
2
3
4
1. Фи­зи­ка­лық фак­тор­лар­ды ба­қы­лау
1
Тем­пе­ра­ту­ра, ауа­ның са­лы­стыр­ма­лы ылғал­ды­лы­ғы, ауа ал­ма­су жи­і­лі­гі, жа­рық­тан­ды­ру
жы­лы­на 1 рет
На­у­қа­стар­ға ар­нал­ған па­ла­та­лар, опе­ра­ци­ядан кей­ін­гі па­ла­та­лар, ре­ани­ма­ция зал­да­ры, қар­қын­ды те­ра­пия па­ла­та­ла­ры, босан­ды­ру бокста­ры, опе­ра­ция және нар­коз бө­лім­ше­ле­рі, ба­ро­ка­ме­ра­лар, боса­ну­дан кей­ін­гі па­ла­та­лар, ша­ла ту­ған, ем­шек­те­гі, жа­ңа ту­ған нә­ре­сте­лер­ге ар­нал­ған па­ла­та­лар, бокстар, жар­ты­лай бокстар, бокс ал­дын­да­ғы бө­лім­ше­лер, сүз­гі­лер, қа­рау, та­ңу, ма­ни­пу­ля­ци­я­лық, ем­ша­ра, сте­риль­деу бөл­ме­ле­рі, ЕДШ зал­да­ры, функ­ци­о­нал­дық ди­а­гно­сти­ка ка­би­нет­те­рі, на­у­қа­стар­ды қа­был­дау ка­би­нет­те­рі
2
Шу дең­гейі
жы­лы­на 1 рет
Сте­риль­деу бөл­ме­ле­рі, зерт­ха­на­лар, рент­ген ка­би­нет­те­рі, функ­ци­о­нал­дық ди­а­гно­сти­ка ка­би­нет­те­рі, сто­ма­то­ло­ги­я­лық ка­би­нет­тер, фи­зио­те­ра­пи­я­лық ка­би­нет­тер, ре­ани­ма­ция зал­да­ры, қар­қын­ды те­ра­пия па­ла­та­ла­ры, опе­ра­ци­я­лық бөл­ме­лер
3
Элек­тро­маг­нит­тік өрі­стер
жы­лы­на 1 рет
Зерт­ха­на­лар, функ­ци­о­нал­дық ди­а­гно­сти­ка бө­лім­ше­ле­рі, маг­нит­ті-ре­зо­нан­сты то­мо­гра­фия ка­би­не­ті, фи­зио­те­ра­пи­я­лық ка­би­нет­тер
2. Ра­ди­а­ци­я­лық ба­қы­лау
1
Сәу­ле­ле­ну до­за­сы­ның қу­а­тын өл­шеу
жы­лы­на бір рет­тен си­рек емес
Пер­со­нал­дың жұ­мыс орын­да­рын­да, ем­ша­ра ка­би­не­ті­мен ара­лас аумақ­та және үй-жай­да
2
Рент­ген сәу­ле­сі­нің ра­ди­а­ци­я­лық шы­ғуын өл­ше­уіш­тің кө­ме­гі­мен па­ци­ент­ті сәу­ле­ле­удің ти­ім­ді до­за­сын анық­тау
жы­лы­на бір рет­тен си­рек емес
алаң­ға до­за­ның шы­ға­ры­луын өл­ше­уі­шпен жаб­дық­тал­ма­ған әр­бір ме­ди­ци­на­лық рент­ген­дік ди­а­гно­сти­ка­лық ап­па­рат үшін (рент­ген тү­ті­гі­нің анод­тық кер­не­уі­нің жұ­мыс мән­де­рі­нің бар­лық диа­па­зо­нын­да)
3. Са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық ба­қы­лау
1
Сы­нап буы­ның бо­луы
жы­лы­на 1 рет
Фи­зио­те­ра­пи­я­лық ка­би­нет­тер
2
Кө­мір­те­гі то­тығ­ы­ның бо­луы
жы­лы­на 1 рет
Кли­ни­ка­лық-ди­а­гно­сти­ка­лық зерт­ха­на­лар
3
Озон­ның бо­луы
жы­лы­на 1 рет
Опе­ра­ци­яал­ды, опе­ра­ци­я­лық, сте­риль­деу бөл­ме­ле­рі, па­ла­та­лар, ем­ша­ра, ре­ани­ма­ция, опе­ра­ци­ядан кей­ін­гі, күй­ік па­ла­та­ла­ры, функ­ци­о­нал­дық ди­а­гно­сти­ка, кли­ни­ка­лық-ди­а­гно­сти­ка­лық зерт­ха­на­лар, фи­зио­те­ра­пи­я­лық ка­би­нет­тер, рент­ген ка­би­нет­те­рі
4
Азот то­тық­та­ры­ның бо­луы
жы­лы­на 1 рет
Опе­ра­ци­яал­ды, опе­ра­ци­я­лық, сте­риль­деу бөл­ме­ле­рі, па­ла­та­лар, ем­ша­ра, ре­ани­ма­ция, опе­ра­ци­ядан кей­ін­гі, күй­ік па­ла­та­ла­ры, функ­ци­о­нал­дық ди­а­гно­сти­ка бө­лім­ше­сі, кли­ни­ка­лық-ди­а­гно­сти­ка­лық зерт­ха­на­лар, фи­зио­те­ра­пи­я­лық ка­би­нет­тер, рент­ген ка­би­нет­те­рі
5
Қор­ға­сын­ның бо­луы
жы­лы­на 1 рет
Рент­ген ка­би­нет­те­рі
6
Ам­ми­ак­тың бо­луы
жы­лы­на 1 рет
Па­ла­та­лар, ем­ша­ра, ре­ани­ма­ци­я­лық, опе­ра­ци­ядан кей­ін­гі, күй­ік па­ла­та­ла­ры, кли­ни­ка­лық-ди­а­гно­сти­ка­лық зерт­ха­на­лар, па­то­ло­ги­я­лық-ана­то­ми­я­лық бө­лім­ше­лер
7
Кү­кірт­ті су­тек­тің бо­луы
жы­лы­на 1 рет
Ре­ани­ма­ци­я­лық, опе­ра­ци­ядан кей­ін­гі, күй­ік па­ла­та­ла­ры, фи­зио­те­ра­пи­я­лық ка­би­нет­тер
8
Дез­ин­фек­ци­я­лау құ­рал­да­рын­да, ері­т­ін­ді­ле­рін­де бел­сен­ді әре­кет ете­тін заттар­дың шо­ғыр­ла­нуын анық­тау
Тек­се­ру­лер­дің бел­гі­лен­ген мер­зім­ді­лі­гіне сәй­кес
Опе­ра­ци­яал­ды, ем­ша­ра, та­ңу, ма­ни­пу­ля­ци­я­лық, кли­ни­ка­лық-ди­а­гно­сти­ка­лық зерт­ха­на­лар, па­то­ло­ги­я­лық-ана­то­ми­я­лық бө­лім­ше­лер, функ­ци­о­нал­дық ди­а­гно­сти­ка бө­лім­ше­ле­рі, бу­фет­тер – та­ра­ту орын­да­ры (ке­мін­де 2 түр)
9
Сте­риль­деу ал­дын­да та­зар­ту са­па­сын ба­қы­лау (азо­пи­рам­дық, фе­нол­фта­ле­ин­дік сы­на­ма­лар)
Тек­се­ру­лер­дің бел­гі­лен­ген мер­зім­ді­лі­гіне сәй­кес
Ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған сте­риль­деу бөл­ме­ле­рі және көр­сет­кіш­тер бой­ын­ша
4. Өнім­дер­ді, дай­ын та­ғам­дар мен та­мақ­та­ну ра­ци­он­да­рын зерт­теу
1
Негіз­гі қо­рек­тік заттар­дың бо­луы және та­ғам­дар­дың тәу­лік­тік құ­нар­лы­лы­ғы
жы­лы­на 1 рет
Ұй­ым­дар­дың ас бл­ок­та­ры
2
Тер­ми­я­лық өң­деу ти­ім­ді­лі­гі
Тек­се­ру­лер­дің бел­гі­лен­ген мер­зім­ді­лі­гіне сәй­кес
Та­ра­ту же­лі­сін­де­гі ет және ба­лық өнім­де­рі­нен жа­сал­ған дай­ын та­ғам­дар
3
Та­мақ қа­уіп­сіз­ді­гі­нің мик­ро­био­ло­ги­я­лық көр­сет­кіш­те­рі
Тек­се­ру­лер­дің бел­гі­лен­ген мер­зім­ді­лі­гіне сәй­кес
Ұй­ым­дар­дың ас бл­ок­та­ры, бу­фет-та­ра­ту ор­ны
5. Су­ды зерт­теу
1
Бак­те­рио­ло­ги­я­лық және са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық көр­сет­кіш­тер­ге су
көр­сет­кіш­тер бой­ын­ша
Ша­ру­а­шы­лық-ауыз су мақ­са­ты үшін пай­да­ла­ны­ла­тын су (та­ра­ту же­лі­сі­нен алы­на­тын және сырт­тан әке­лі­не­тін су)
6. Ұй­ым­ның са­ни­та­ри­я­лық жағ­дай­ын ба­ға­лау ке­зін­де­гі са­ни­та­ри­я­лық-бак­те­рио­ло­ги­я­лық көр­сет­кіш­тер
1
Сырт­қы ор­та­дан алын­ған шай­ын­ды­лар­ды бак­те­рио­ло­ги­я­лық зерт­теу (ІТ­БТ-на, па­то­ген­ді ста­фи­ло­кок­қа, шар­тты-па­то­ген­ді және па­то­ген­ді мик­ро­фло­ра­ға)
Тек­се­ру­лер­дің бел­гі­лен­ген мер­зім­ді­лі­гіне сәй­кес
Ме­ди­ци­на­лық жаб­дық және мүк­әм­мал, ки­ім-ке­шек, пер­со­нал­дың қо­лы мен ар­найы ки­і­мі, ас бл­ок­та­ры­ның және та­ра­ту бөл­ме­сі­нің мүк­әм­ма­лы.
2
Ауа ор­та­сын бак­те­рио­ло­ги­я­лық зерт­теу
Тек­се­ру­лер­дің бел­гі­лен­ген мер­зім­ді­лі­гіне сәй­кес
Опе­ра­ци­я­лық, опе­ра­ци­яал­ды, босан­ды­ру ка­би­нет­те­рі, па­ла­та­лар мен ре­ани­ма­ция зал­да­ры, асеп­ти­ка­лық бокстар, сте­риль­деу, та­ңу, ма­ни­пу­ля­ци­я­лық, ем­ша­ра бөл­ме­ле­рі, сто­ма­то­ло­ги­я­лық ка­би­нет­тер, ша­ла ту­ған нә­ре­сте­лер­ге ар­нал­ған па­ла­та­лар, дә­рі­ха­на­лар­дың асеп­ти­ка­лық бло­гы, бак­те­рио­ло­ги­я­лық және кли­ни­ка­лық зерт­ха­на­лар­да­ғы үй-жай­лар
3
Сте­риль­ді­гіне зерт­теу (шай­ын­ды­лар, ма­те­ри­ал)
Тек­се­ру­лер­дің бел­гі­лен­ген мер­зім­ді­лі­гіне сәй­кес
Опе­ра­ци­я­лық, босан­ды­ру, ре­ани­ма­ция зал­да­ры, сте­риль­деу, та­ңу, ма­ни­пу­ля­ци­я­лық бөл­ме­лер, сто­ма­то­ло­ги­я­лық ка­би­нет­тер, ем­ша­ра бөл­ме­сі, асеп­ти­ка­лық бокстар зал­дар
4
Дез­ин­фек­ци­я­лау-сте­риль­деу жабды­ғын бак­те­рио­ло­ги­я­лық ба­қы­лау
жы­лы­на 1 рет
Сте­риль­деу, дез­ин­фек­ци­я­лау бө­лім­ше­ле­рі
5
Па­ра­зи­то­ло­ги­я­лық зерт­те­улер­ге ар­нал­ған шай­ын­ды­лар­ды зерт­теу
Тек­се­ру­лер­дің бел­гі­лен­ген мер­зім­ді­лі­гіне сәй­кес
Ба­ла­лар ста­ци­о­нар­ла­ры, бө­лім­ше­ле­рі
Денсаулық сақтау объектілерінде өндірістік бақылау (өзін-өзі бақылау) кезінде жүргізілетін зертханалық-құрал-саймандық зерттеулер
2-кесте
Р/с №
Зерт­те­улер тү­рі
Зерт­те­улер ке­зең­ді­лі­гі
Сы­на­ма алу неме­се өл­шеу ор­ны
1
2
3
4
1. Фи­зи­ка­лық фак­тор­лар­ды ба­қы­лау
1
Ауа ал­ма­су жи­і­лі­гі
жы­лы­на 1 рет
На­у­қа­стар­ға ар­нал­ған па­ла­та­лар, опе­ра­ци­ядан кей­ін­гі па­ла­та­лар, ре­ани­ма­ция зал­да­ры, қар­қын­ды те­ра­пия па­ла­та­ла­ры, босан­ды­ру бокста­ры, опе­ра­ци­я­лық және нар­коз, ба­ро­ка­ме­ра­лар, боса­ну­дан кей­ін­гі па­ла­та­лар, ша­ла ту­ған, ем­шек­те­гі, жа­ңа ту­ған нә­ре­сте­лер­ге ар­нал­ған па­ла­та­лар, бокстар, жар­ты­лай бокстар, бок­сал­ды сүз­гі­лер, қа­рау, та­ңу, ма­ни­пу­ля­ци­я­лық, ем­ша­ра, сте­риль­деу бөл­ме­ле­рі, ЕДК зал­да­ры, функ­ци­о­нал­дық ди­а­гно­сти­ка ка­би­нет­те­рі, на­у­қа­стар­ды қа­был­дау ка­би­нет­те­рі, негіз­гі қор­ды:
дә­рі­лік, та­ңу құ­рал­да­ры мен ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар­ды сақ­тау үй-жайы
2. Са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық ба­қы­лау
1
Дез­ин­фек­ци­я­лау құ­рал­да­рын­да, ері­т­ін­ді­лер­де бел­сен­ді әсер ете­тін заттар­дың шо­ғыр­ла­нуын анық­тау
3 ай­да 1рет
Опе­ра­ци­яал­ды, ем­ша­ра, та­ңу, ма­ни­пу­ля­ци­я­лық бөл­ме­лер, кли­ни­ка­лық-ди­а­гно­сти­ка­лық зерт­ха­на­лар, па­та­ло­ги­я­лық-ана­то­ми­я­лық бө­лім­ше, фун­ци­о­нал­дық ди­а­гно­сти­ка бө­лім­ше­сі, бу­фет­тер-та­ра­ту ор­ны
2
Сте­риль­деу ал­дын­да та­зар­ту са­па­сын ба­қы­лау (азо­пи­рам­дық, фе­нол­фта­ле­ин­дік сы­на­ма­лар)
Әр­бір ата­уда­ғы ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­дың ке­мін­де 1%-ы (ке­мін­де 3-5 бір­лік)
Ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­ды сте­риль­деу ал­дын­да та­зар­ту­дан кей­ін
3. Ұй­ым­ның са­ни­та­ри­я­лық жағ­дай­ын ба­ға­лау ке­зін­де­гі са­ни­та­ри­я­лық-бак­те­рио­ло­ги­я­лық көр­сет­кіш­тер
1
Сырт­қы ор­та­дан алын­ған шай­ын­ды­лар­ды бак­те­рио­ло­ги­я­лық зерт­теу (ІТ­БТ-на, па­то­ген­ді ста­фи­ло­коккқа, шар­тты-па­то­ген­ді және па­то­ген­ді мик­ро­фло­ра­ға)
3 ай­да 1 рет
Ме­ди­ци­на­лық жаб­дық және мүк­әм­мал, ки­ім-ке­шек, пер­со­нал­дың қо­лы мен ар­найы ки­і­мі, ас бл­ок­та­ры­ның және та­ра­ту бөл­ме­сі­нің мүк­әм­ма­лы
2
Ауа ор­та­сын бак­те­рио­ло­ги­я­лық зерт­теу
3 ай­да 1 рет
Опе­ра­ци­я­лық, опе­ра­ци­яал­ды, босан­ды­ру ка­би­нет­те­рі, ре­ани­ма­ция па­ла­та­ла­ры мен зал­да­ры, асеп­ти­ка­лық бокстар, сте­риль­деу, та­ңу, ма­ни­пу­ля­ци­я­лық, ем­ша­ра бөл­ме­ле­рі, сто­ма­то­ло­ги­я­лық ка­би­нет­тер, ша­ла ту­ған нә­ре­сте­лер­ге ар­нал­ған па­ла­та­лар, дә­рі­ха­на­лар­дың асеп­ти­ка­лық бло­гы, бак­те­рио­ло­ги­я­лық және кли­ни­ка­лық зерт­ха­на­лар­да­ғы үй-жай­лар
3
Сте­риль­ді­гіне зерт­теу (шай­ын­ды­лар, ма­те­ри­ал)
ай­ы­на 1 рет
Опе­ра­ци­я­лық, босан­ды­ру, ре­ани­ма­ция зал­да­ры, сте­риль­деу, та­ңу, ма­ни­пу­ля­ци­я­лық бөл­ме­лер, сто­ма­то­ло­ги­я­лық ка­би­нет­тер, ем­ша­ра бөл­ме­сі, асеп­ти­ка­лық бокстар зал­дар.
4. Жаб­дық­ты фи­зи­ка­лық-хи­ми­я­лық ба­қы­лау
1
Дез­ин­фек­ци­я­лау-сте­риль­деу жабды­ғы­ның жұ­мысын ба­қы­лау
Әр­бір жүк­те­ме ке­зін­де күн сай­ын
Сте­риль­деу, дез­ин­фек­ци­я­лау бө­лім­ше­ле­рі

2 Медициналық ұйымдардың үй-жайларындағы санитариялық-гигиеналық зерттеу

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 4 мамырдағы
№ 450 қаулысына
2-қосымша
«Денсаулық сақтау объектілеріне
қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына
10-қосымша
Медициналық ұйымдардың үй-жайларындағы санитариялық-гигиеналық зерттеу
Р/с №
Бө­лім­ше­лер
Анық­та­ла­тын көр­сет­кіш­тер
Ам­пи­цил­лин
Ами­на­зин (Ди­ме­тил­ами­но­про­пил 3-хлор­фе­но­ти­а­зин­хл­ор­гид­рат-)
Бен­зил­пе­ни­цил­лин
Ди­этил­ді эфир
(1,1ди­фтор-2,2-ди­хлор­этил­ме­тил­ді эфир)
Азот то­тығы (О2- ге қай­та есеп­те­ген­де)
Ок­са­цил­лин
Стреп­то­ми­цин
Тет­ра­цик­лин
Три­хлор­эти­лен
Фто­ро­тан (1,1# 1-Три­фтор-2-хлор­бром­этан
Фло­ри­ми­цин
Фор­маль­де­гид
Хлор­лы этил
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
1
Опе­ра­ци­я­лық
+
+
+
+
+
+
+
2
Опе­ра­ци­яал­ды
+
+
3
Сте­риль­деу
+
+
+
4
Па­ла­та­лық бө­лім­ше­лер (па­ла­та­лар, ем­ша­ра)
+
+
5
Ре­ани­ма­ци­я­лық, опе­ра­ци­ядан кей­ін, күй­ік­тер па­ла­та­сы
+
+
+
+
+
+
+
6
Кли­ни­ка­лық-ди­а­гно­сти­ка­лық зерт­ха­на­лар
+
7
Па­то­ло­ги­я­лық-ана­то­ми­я­лық бө­лім­ше­лер (зерт­ха­на­лар)
-
+
8
Рент­ген ка­би­не­ті
+
9
Функ­ци­о­нал­дық ди­а­гно­сти­ка бө­лі­мі
+
10
Фи­зио­те­ра­пия ка­би­не­ті
+
+
+
+
11
Ем­ша­ра ка­би­нет­те­рі, күн­діз­гі ста­ци­о­нар­лар, та­ңу ка­би­нет­те­рі
+
+
+
+
+
+
+

Қолданыстағы