О внесений изменении в постановление акимата города Кызылорда от 17 июня 2013 года N 394 "Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесений изменении в постановление акимата города Кызылорда от 17 июня 2013 года N 394 "Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность"
- Атауы (қаз.)
- "Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасын бекіту туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 17 маусымдағы N 394 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1485
- Қабылданған күні
- 31.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 23.06.2015 77024_84564.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13LA004582
- ЭКБ идентификаторы
- 77024
- Редакция идентификаторы
- 77024_84564
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:12
0 "Коммуналдық меншiкке келiп түскен қараусыз қалған жануарларды келiп түсу және пайдалану қағидасын бекiту туралы" Қызылорда қаласы әкiмдiгiнiң 2013 жылғы 17 маусымдағы N 394 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1 бабына сәйкес Қызылорда қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1
1. "Коммуналдық меншiкке келiп түскен қараусыз қалған жануарларды келiп түсу және пайдалану қағидасын бекiту туралы" Қызылорда қаласы әкiмдiгiнiң 2013 жылғы 17 маусымдағы N 394 қаулысына (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 4473 нөмiрiмен тiркелген, "Ақмешiт апталығы" газетiнiң 2013 жылғы 25 шiлдедегi N 30 (994) санында жарияланған) келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген қағиданың 2-тармағы келесi редакцияда жазылсын:
"2. Өзiнiң бағуында және пайдалануында қараусыз қалған жануарлар болған адам өзiнiң бағуындағы жануарларды меншiгiне алудан бас тартқан кезде олар қалалық коммуналдық меншiкке түседi және осы қағидаға сәйкес алып пайдаланылады.";
3-тармақ келесi редақцияда жазылсын:
"3. Жануарлардың қалалық коммуналдық меншiкке келiп түсуi тапсыру – қабылдау актiсi негiзiнде жүзеге асырылады. Тапсыру–қабылдау актiсiнде қалалық коммуналдық меншiкке түсетiн жануарлардың түрi, жынысы, түсi, жасы көрсетiлуi тиiс. Тапсыру – қабылдау актiсi жануарларды тапсырған тұлғаның, кент, ауылдық округ әкiмi (бұдан әрi – әкiм), "Қызылорда қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – ауылшаруашылығы және ветеринария бөлiмi), "Қалалық қаржы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – қаржы бөлiмi) жауапты қызметкерлерiнiң қатысуымен жасалады. Тапсыру – қабылдау актiсiн қаржы бөлiмiнiң басшысы бекiтедi.";
10-тармақ келесi редакцияда жазылсын:
"10. Қалалық коммуналдық меншiкке түскен жануарларды ветеринариялық қадағалау және жұқпалы ауруларға қарсы егу iс-шаралары ауылшаруашылығы және ветеринария бөлiмiнiң қадағалауымен жүзеге асырылады. Ветеринариялық қадағалау және егу шығындары жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылады.".