О внесении изменений в решение областного маслихата от 17 июля 2013 года № 143 «О Правилах подготовки и проведения отопительного сезона в Актюбинской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение областного маслихата от 17 июля 2013 года № 143 «О Правилах подготовки и проведения отопительного сезона в Актюбинской области»
- Атауы (қаз.)
- «Ақтөбе облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидасы туралы» облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 17 шілдедегі № 143 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 263
- Қабылданған күні
- 10.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 10.12.2014 85753_Some(40).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14C0004148
- ЭКБ идентификаторы
- 85753
- Редакция идентификаторы
- 85753_Some(40)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:37
0 «Ақтөбе облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидасы туралы» облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 17 шілдедегі №143 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты Ш Е Ш І М Қ А Б Ы Л Д А Д Ы:
1
1. «Ақтөбе облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидасы туралы» облыстық маслихаттың 2013 жылғы 17 шілдедегі №143 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3621 тіркелген, 2013 жылғы 6 тамыздағы «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің №92 жарияланған), мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Ақтөбе облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидасында:
1-тармақта «Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы №10 «Электр энергиясын пайдалану және Жылу энергиясын пайдалану ережелерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде №3455 нөмірімен тіркелді) бұйрығының» сөздері «Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі №712 және «Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 10 шілдедегі №713 қаулыларының» сөздерімен алмастырылсын;
15 - тармақтың 9 абзацы – алынып тасталсын;
25 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымдардың жылу желілеріне қосылу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі №712 қаулысымен бекітілген, Жылу энергиясын пайдалану қағидаларының 19-21-тармақтарымен белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.»;
27-тармақта «2001 жылғы 30 қаңтардағы» сөздері алынып тасталсын.