О внесении изменений в решение Актюбинского областного маслихата от 17 июля 2013 года № 143 «О Правилах подготовки и проведения отопительного сезона в Актюбинской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Актюбинского областного маслихата от 17 июля 2013 года № 143 «О Правилах подготовки и проведения отопительного сезона в Актюбинской области»
- Атауы (қаз.)
- «Ақтөбе облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидасы туралы» Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 17 шілдедегі № 143 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 224
- Қабылданған күні
- 27.06.2025
- Көрсетілген редакция
- 27.06.2025 211970_764583.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.06.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25C0036395
- ЭКБ идентификаторы
- 211970
- Редакция идентификаторы
- 211970_764583
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:38
0 «Ақтөбе облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидасы туралы» Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 17 шілдедегі № 143 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. «Ақтөбе облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидасы туралы» Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 17 шілдедегі № 143 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3621 тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің атауында, 1-тармағында және Қағиданың бүкіл мәтіні бойынша қазақ тіліндегі «жылу маусымына» және «жылу маусымы» деген сөздер «жылыту маусымына» және «жылыту маусымы» деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтөбе облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ақтөбе облысында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Электр энергетикасы туралы», «Жылу энергетикасы туралы», «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» мемлекеттстан Республикасының Заңдары, «Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10234 тіркелген) бұйрығы негізінде әзірленген және Ақтөбе облысында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу тәртібін айқындайды.»;
14 тармақтың 1 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Кондоминиум объектісін басқару нысандары:»;
14 тармақтың 7), 8), 9), 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«7) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне жиналыстар, жазбаша сауалдарды өткізуді ұйымдастырады;
8) барлық пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың иелері үшін барлық қол жетімді орындарда ақпарат тақталарында үй-жай, сондай-ақ ортақ мүлікке қызмет көрсету мен жөндеуді жүзеге асыратын ұйымдар туралы, сондай-ақ жылумен жабдықтау бойынша қызметтерді көрсетуші ұйымдар (атауы, байланыс телефондары, апатты қызметтердің телефондары) туралы ақпараттың орналастырылуын қамтамасыз етеді;
9) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің санитариялық-техникалық және инженерлік жабдығының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;
10) апатты жағдайлардың туындау жағдайларынан басқа, пәтерлердің (үй-жай), тұрғын емес үй-жайлардың иелерін инженерлік желілер жұмысы режимінің сөндірілуі, сыналуы немесе басқа да өзгерістері туралы екі тәулікке дейін хабарлайды.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Жылу желілерінің күзет аймақтарында қарамағында жылу желілері бар жылу энергетикасы субъектілерінің келісімінсіз құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтардың орнатылуына байланысты iздеу жұмыстарын жүргiзуге, алаңдарды, автомобиль көлiгi тұрақтарын жайластыруға, базарларды, құрылыстарды, ғимараттарды орналастыруға, материалдарды жинап қоюға, қоршаулар мен дуалдарды соғуға, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастауға және төгуге жол берілмейді.
Қарамағында электр желілері бар ұйымның келiсiмiнсiз электр және жылу желiлерi жолдарының күзет аймақтарында құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтардың орнатылуына байланысты iздеу жұмыстарын жүргiзуге, алаңдарды, автомобиль көлiгi тұрақтарын жайластыруға, базарларды, құрылыстарды, ғимараттарды орналастыруға, материалдарды жинап қоюға, қоршаулар мен дуалдарды соғуға, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастауға және төгуге жол берілмейді.»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Жылуды тұтыну жүйелерінің жай-күйіне және қызмет көрсетуіне тұтынушылар мен энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйымдар арасындағы жауапкершілік шекарасы олардың теңгерімдік тиесілігінде немесе тараптардың келісімі бойынша анықталады.»;
Қазақ тіліндегі «4-тарау. Жылу режимі» деген сөздер «4-тарау. Жылыту режимі» деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.