Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 сентября 2013 года № 977 "Об утверждении Правил открытия (закрытия), функционирования (эксплуатации), категорирования, классификации, обустройства, а также требований по техническому оснащению и организации работы пунктов пропуска через Государственную границу Республики Казахстан"

Қаулы · № 258 · қабылданған 23.04.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2013-no-977-ekb-89081/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 сентября 2013 года № 977 "Об утверждении Правил открытия (закрытия), функционирования (эксплуатации), категорирования, классификации, обустройства, а также требований по техническому оснащению и организации работы пунктов пропуска через Государственную границу Республики Казахстан" Қолданыста Қаулы ·№ 258 ·23.04.2015
23.04.2015 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 сентября 2013 года № 977 "Об утверждении Правил открытия (закрытия), функционирования (эксплуатации), категорирования, классификации, обустройства, а также требований по техническому оснащению и организации работы пунктов пропуска через Государственную границу Республики Казахстан"

Қолданыста Қаулы ·№ 258 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 сентября 2013 года № 977 "Об утверждении Правил открытия (закрытия), функционирования (эксплуатации), категорирования, классификации, обустройства, а также требований по техническому оснащению и организации работы пунктов пропуска через Государственную границу Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидаларын, сондай-ақ техникалық жарақтандыру және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 977 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
258
Қабылданған күні
23.04.2015
Көрсетілген редакция
23.04.2015 89081_89681.kaz
Соңғы өзгеріс
23.04.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1500000258
ЭКБ идентификаторы
89081
Редакция идентификаторы
89081_89681
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:22

0

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидаларын, сондай-ақ техникалық жарақтандыру және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы
17 қыркүйектегі № 977 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидаларын, сондай-ақ техникалық жарақтандыру және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 977 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 54,
765-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидаларында, сондай-ақ техникалық жарақтандыру және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі талаптарда:
5, 6, 7, 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бастамашы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында өткізу пункттерін орнату жөніндегі мемлекеттік бақылау органдарының ұсыныстарын, келісілген материалдары мен қорытындыларын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне жібереді.
6. Шектес мемлекетпен өткізу пунктін орнату мәселесін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі келіседі, одан кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі белгіленген тәртіппен тиісті келісімдердің жобаларын әзірлейді.
7. Өткізу пунктін ашу туралы шектес мемлекетпен келісім жасасқаннан кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі өткізу пунктінің атауы мен мәртебесін көрсете отырып, оны орнату туралы мүдделі мемлекеттік органдармен белгіленген тәртіппен келісілген Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.»;
«9. Қазақстан Республикасының Үкіметі өткізу пунктін орнату туралы шешім қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мемлекеттік бақылау органдарының ұсыныстары негізінде тапсырыс берушінің функциясын орындайды, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізу пунктін жобалауды, салуды және пайдалануға енгізуді қамтамасыз етеді.»;
41-тармақтың 3), 5), 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік кіріс органдары бөлімшесінің қызметтік үй-жайлары;
5) санитариялық-карантиндік пунктті (бұдан әрі — СКП), шекаралық бақылау ветеринариялық пунктін (бұдан әрі — ШБВП) және фитосанитариялық бақылау бекетін (бұдан әрі — ФББ) орналастыруға арналған қызметтік үй-жайлар;
6) СПК, ШБВП, ФББ арнайы үй-жайлары және көліктік бақылау бекеті;
7) СПК, ШБВП, ФББ зертханалары мен оқшаулағыштары;».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы