О внесении изменений в решение акима Турксибского района города Алматы от 17 апреля 2014 года за № 01 «Об образовании избирательных участков по Турксибскому району города Алматы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Турксибского района города Алматы от 17 апреля 2014 года за № 01 «Об образовании избирательных участков по Турксибскому району города Алматы»
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 01 «Алматы қаласы Түрксіб ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 02
- Қабылданған күні
- 15.03.2017
- Көрсетілген редакция
- 11.04.2019 111159_410541.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17RF001368
- ЭКБ идентификаторы
- 111159
- Редакция идентификаторы
- 111159_410541
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:45
0 Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 01 «Алматы қаласы Түрксіб ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына сәйкес Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 2014 жылғы 17сәуірдегі
№ 01 «Алматы қаласы Түрксіб ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» (нормативтік құқықтық акті 2014 жылғы 23 сәуірде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 1030 болып енгізілген,
2014 жылғы 29 сәуірдегі № 49-51 (4925) «Алматы ақшамы» және 2014 жылғы
29сәуіріндегі № 49-50 (12726-12727) «Вечерний Алматы» газетінде ресми жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: аталған шешімнің қосымшасындағы № 442, 443 сайлау учаскелерінің шекаралары осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгертілсін.
2
2. Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен ресми мерзімді басылымдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және Түрксіб ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түрксіб ауданы әкімінің аппарат басшысы Б.Қ. Қарсақбаеваға жүктелсін.
4 4. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Алматы қаласының Сайлау
комиссиясының төрайымы
Ж. Асанова
2017 жылғы «___» _________
5 № 442 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Земнухов көшесі, № 37 үй. «Жол техникаларын жөндеу» Жауакершілігі шектеулі серіктестігі
Түрксіб ауданы әкімінің
2017 жылдың «_____»______
№______ шешіміне қосымша
№ 442 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Земнухов көшесі, № 37 үй.
«Жол техникаларын жөндеу» Жауакершілігі шектеулі серіктестігі
Шекарасы: Сортировочная көшесі мен Харьков көшесінің қилысынан солтүстікке қарай Земнухов көшесіне дейін. Земнухов көшесімен шығысқа қарай Свободная көшесіне дейін, әрі Свободная көшесімен оңтүстікке қарай Сортировочная көшесіне дейін. Сортировочная көшесімен батысқа қарай Харьков көшесімен Сортировочная көшесінің қилысына дейін.
№ 443 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Волгоградская көшесі, 22 үй.
«№ 11 жалпы білім беретін мектеп» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: Земнухов көшесінен бастап Харьков көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Бекмаханов көшесіне дейін, Бекмаханов көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Бейсебаев көшесіне дейін. Бейсебаев көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Тельман көшесіне дейін. Тельман көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Волгоград көшесіне дейін. Волгоград көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Бекмаханов көшесіне дейін. Бекмаханов көшесінен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Мойка-Қарасу өзеніне дейін. Өзен жағалауымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Балакирев көшесіне дейін. Балакирев көшесімен оңтүстік батысқа қарай Свободная көшесіне дейін. Свободная көшесімен солтүстікке қарай Земнухов көшесіне дейін.