О внесении дополнений в решение акима Турксибского района города Алматы от 17 апреля 2014 года № 01 «Об образовании избирательных участков по Турксибскому району города Алматы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в решение акима Турксибского района города Алматы от 17 апреля 2014 года № 01 «Об образовании избирательных участков по Турксибскому району города Алматы»
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 01 «Алматы қаласы Түрксіб ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 02
- Қабылданған күні
- 26.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 11.04.2019 87022_410539.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15RF001132
- ЭКБ идентификаторы
- 87022
- Редакция идентификаторы
- 87022_410539
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:26
0 Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 01 «Алматы қаласы Түрксіб ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Елбасының 2014 жылғы 16 сәуірдегі №768 жарлығына сәйкес Алматы қаласы аумағына елді-мекендердің қосылуына байланысты және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23 бабы 1, 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына сәйкес, Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі ШЕШТІ:
1
1. Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі «Алматы қаласы Түрксіб ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» № 01 шешіміне (нормативтік құқықтық акті 2014 жылғы 26 сәуірде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне №1030 болып тіркелен, «Алматы ақшамы» газетінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 49-51 санында және «Вечерний Алматы» газетінің 2014 жылдың 29 сәуіріндегі № 49-50 санында жарияланған) қосымшаға сәйкес толықтыру енгізілсін.
2 2. Нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде тіркеуден өткізсін.
3 3. Осы шешімді интернет-ресурсына орналастырылуы қамтамасыз етілсін.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түрксіб ауданы әкімінің аппарат басшысы Б.Қ. Қарсақбаеваға жүктелсін.
5 5. Осы шешім Әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Алматы қаласы аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
Б. Доспанов
Аппарат басшысы
Б. Қарсақбаева
Мемлекеттік құқық бөлімінің
Басшысы
Ф.Степанов
6 № 521 сайлау учаскесі (041600, Орталығы: «№195 жалпы білім беретін мектеп», Коммуналдық мемлекеттік мекеме, Әлмерек ықшамауданы, Наурызбай батыр көшесі, 64/2, телефоны: 2327700).
Түрксіб ауданы әкімінің
2015 жылдың "26" ақпанындағы
№ 02 шешіміне қосымша
№ 521 сайлау учаскесі (041600, Орталығы: «№195 жалпы білім беретін мектеп», Коммуналдық мемлекеттік мекеме, Әлмерек ықшамауданы, Наурызбай батыр көшесі, 64/2, телефоны: 2327700).
Закарпат көшесімен батысқа қарай аудан шекарасына дейін,аудан шекарасымен солтүстікке қарай Бейбітшілік көшесіне дейін, Бейбітшілік көшесімен солтүстікке қарай сүт-тауар фермасына дейін, сүт-тауар фермасынан оңтүстік-шығысқа егістікке дейін (Астана көшесі), Астана көшесімен оңтүстік-шығысқа қарай Қызылорда көшесімен қиылысқанға дейін, Қызылорда көшесімен оңтүстік-шығысқа қарай 1-Новая көшесіне дейін, 1-Новая көшесімен оңтүстікке қарай Закарпат көшесіне дейін.
№ 522 сайлау учаскесі
(041600, Орталығы №13 қалалық емхананың филиалының фелшерлік пүнкті, Қайрат ықшамауданы,Тәттімбет көшесі, 239/1, телефоны: 3850776).
Рысқұлов даңғылынан шығысқа қарай Құлжа тас жолына дейін, Құлжа тас жолымен солтүстік-шығысқа қарай Тәттімбет көшесіне дейін, Тәттімбет көшесімен солтүстік-батысқа қарай Кіші Алматы өзеніне дейін, Кіші Алматы өзенімен оңтүстік-батысқа қарай Рысқұлов даңғылына дейін.
№ 523 сайлау учаскесі
(050039, Орталығы: «№44 мектеп-гимназия», Коммуналдық мемлекеттік мекеме, Огарев көшесі, 6 үй, телефоны: 257-40-49).
Кіші Алматы өзенінің шығыс жағалуынан солтүстік-шығысқа қарай Талғар ауданының шекарасына дейін (Набережный көшесінен Полевой көшесіне дейін) Құлжа тас жолына дейін, Құлжа тас жолымен солтүстік -батысқа қарай Бұқтырма көшесінен дейін, Бұқтырма көшесімен солтүстік -шығысқа қарай Кіші Алматы өзеніне дейін.