Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение акима Турксибского района города Алматы от 17 апреля 2014 года № 01 «Об образовании избирательных участков по Турксибскому району города Алматы»

Өзге акт · № 04 · қабылданған 16.10.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2014-no-01-ekb-94578/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений в решение акима Турксибского района города Алматы от 17 апреля 2014 года № 01 «Об образовании избирательных участков по Турксибскому району города Алматы» Күшін жойған Өзге акт ·№ 04 ·16.10.2015
11.04.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение акима Турксибского района города Алматы от 17 апреля 2014 года № 01 «Об образовании избирательных участков по Турксибскому району города Алматы»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 04 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение акима Турксибского района города Алматы от 17 апреля 2014 года № 01 «Об образовании избирательных участков по Турксибскому району города Алматы»
Атауы (қаз.)
Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі №01 «Алматы қаласы Түрксіб ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
04
Қабылданған күні
16.10.2015
Көрсетілген редакция
11.04.2019 94578_410547.kaz
Соңғы өзгеріс
11.04.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15RF001220
ЭКБ идентификаторы
94578
Редакция идентификаторы
94578_410547
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:01

0 Алматы қаласы Түрксіб ауданы

әкімінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі №01
«Алматы қаласы Түрксіб ауданында
сайлау учаскелерін құру туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 кыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23 бабы 1,2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына және кейбір сайлау учаскелері орталықтарының өзгеруіне байланысты, Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі ШЕШТІ:

1

1. Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі «Алматы қаласы Түрксіб ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» №01 шешіміне (нормативтік құқықтық акті 2014 жылғы 23 сәуірде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне №1030 болып тіркелген, «Алматы ақшамы» газетінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі №49-51 (4925) санында және «Вечерний Алматы» газетінің 2014 жылғы 29 сәуіріндегі №49-50 (12726-12727) санында жарияланған) қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

2 2. Нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде тіркеуден өткізсін.

3 3. Осы шешімнің Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына орналастырылуы қамтамасыз етілсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түрксіб ауданы әкімінің аппарат басшысы Б.Қ.Қарсақбаеваға жүктелсін.

5 5. Осы шешім Әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап

күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Алматы қаласы
сайлау комиссиясының төрағасы
Б. Доспанов

6 № 429 сайлау учаскесі

Түрксіб ауданы әкімінің
2015 жылғы 16 қазандағы
№ 04 шешіміне қосымша
№ 429 сайлау учаскесі
050039, Орталығы: «№ 78 жалпы білім беретін мектеп», Коммуналдық мемлекеттік мекеме, Алтай-2 ықшам ауданы.
Шекарасы: Домбровский көшесінен Лавренев көшесімен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Дөнентаев көшесіне дейін, Дөнентаев көшесінен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Жұлдыз-2 ықшам ауданындағы №53 үйді қосып Дөнентаев көшесіндегі, №23 үйге дейін. Дөнентаев көшесіндегі №23 үй учаскесінің солтүстік-батыс шекарасымен солтүстікке қарай Соболев көшесіндегі, №160 үйге дейін, Соболев көшесі,№160 үйден солтүстікке темір жолға дейін (Соболев көшесіндегі барлық үйлер қоса есептеледі). Соболев көшесімен оңтүстікке қарай Асылбеков көшесіне дейін, Асылбеков көшесімен барлық үйлерді қосқанда оңтүстік-батысқа қарай Иванов көшесіне дейін (№1; №5 үйлерден басқа барлық үйлерді қосқанда). Иванов көшесінен батысқа Домбровский көшесіне дейін. Домбровский көшесімен (солтүстік жағы) батысқа қарай Лавренев көшесіне дейін.
№ 447 сайлау учаскесі
050028, Орталығы: Шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын «№24 қалалық емхана», Земнухов көшесі, 3 үй.
Шекарасы: Бекмаханов көшесінен Шмидте көшесімен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Земнухов көшесіне дейін, Земнухов көшесімен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Клара Цеткин көшесіне дейін (батыс жағы) оңтүстікке қарай (№2а үй қосылады). Клара Цеткин көшесіндегі №2а үйден солтүстік-батысқа қарай Боралдай көшесіне дейін, Боралдай көшесімен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Бекмаханов көшесіне дейін, Бекмаханов көшесімен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Сұлтан өзеніне дейін, Сұлтан өзенімен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Спасский көшесіне дейін (№68 үйді
қосамыз). Спасский көшесі, №68 үйден Шмидта көшесіне дейін (батыс жағы) оңтүстік-батысқа дейін, Шмидте көшесімен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Бекмаханов көшесіндегі, №№ 2/1, 2/6, 2/7, 2/8, 2/9 үйлер қосылады.
452 Сайлау учаскесі
050011, Орталығы: «№ 59 жалпы білім беретін мектеп», Коммуналдық мемлекеттік мекеме, Сауранбаев көшесі, 12 үй.
Шекарасы: Шолохов көшесінен Ақан сері көшесі бойымен (батыс жағы) Молдағалиев көшесіне дейін, Молдағалиев көшесімен (солтүстік жағы) батысқа қарай Лев Толстой көшесіне дейін (шығыс жағы), Лев Толстой көшесімен солтүстікке қарай темір жол желісіне дейін, Алматы-1 станциясының темір жол желісімен шығысқа қарай әрі темір жол желісімен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Шолохов көшесіне дейін, Шолохов көшесімен (солтүстікке қарай) батысқа қарай Ақан сері көшесіне дейін.
№ 464 Сайлау учаскесі
050056, Орталығы: Шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, «№4 қалалық клиникалық ауруханасы», Папанин көшесі, 220 үй.
Шекарасы: Сүйінбай даңғылынан Б.Хмельницкий көшесімен (оңтүстік жағымен шығысқа қарай) Майлин көшесіне дейін, Майлин көшесінен солтүстік-шығысқа қарай (Монтажный көшесіндегі, №2 үйді қоспағанда), Монтажный көшесінен шығысқа қарай аты жоқ көше бойымен (оңтүстік жағы), Кинология орталығы учаскесінің төменгі шекарасы бойымен қала (аудан) шекарасына дейін. Қала шекарасымен оңтүстік-батысқа қарай Жас-Қанат ықшамауданын қосып алып, Баймағамбетов көшесі, 114 «а» үйге дейін (қоса ала), Федосеев көшесі, №114 «а» үйден №2 үйге дейін, Федосеев көшесінен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Енисейский көшесіне дейін, Енисейский көшесінен (солтүстік жағы) Таштитов көшесіне дейін, Таштитов көшесінің батыс жағымен оңтүстікке қарай Громов көшесіне дейін. Громов көшесімен (солтүстік жағы) Сүйінбай даңғылына дейін, Сүйінбай даңғылымен Б.Хмельницкий көшесіне дейін.

Қолданыстағы