Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление акимата города Астаны от 17 апреля 2014 года № 107-610 «О реорганизации Государственного учреждения «Управление по защите прав детей города Астаны» путем присоединения к Государственному учреждению «Управление образования города Астаны»

Қаулы · № 107-1903 · қабылданған 26.10.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2014-no-107-610-ekb-96163/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление акимата города Астаны от 17 апреля 2014 года № 107-610 «О реорганизации Государственного учреждения «Управление по защите прав детей города Астаны» путем присоединения к Государственному учреждению «Управление образования города Астаны» Күшін жойған Қаулы ·№ 107-1903 ·26.10.2015
16.03.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление акимата города Астаны от 17 апреля 2014 года № 107-610 «О реорганизации Государственного учреждения «Управление по защите прав детей города Астаны» путем присоединения к Государственному учреждению «Управление образования города Астаны»

Күшін жойған Қаулы ·№ 107-1903 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление акимата города Астаны от 17 апреля 2014 года № 107-610 «О реорганизации Государственного учреждения «Управление по защите прав детей города Астаны» путем присоединения к Государственному учреждению «Управление образования города Астаны»
Атауы (қаз.)
«Астана қаласының Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесін «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне біріктіру жолымен қайта құру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 107-610 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
107-1903
Қабылданған күні
26.10.2015
Көрсетілген редакция
16.03.2021 96163_515596.kaz
Соңғы өзгеріс
16.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15ABW00973
ЭКБ идентификаторы
96163
Редакция идентификаторы
96163_515596
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:54

0 «Астана қаласының Балалар

құқықтарын қорғау жөніндегі
басқармасы» мемлекеттік мекемесін
«Астана қаласының Білім басқармасы»
мемлекеттік мекемесіне біріктіру жолымен
қайта құру туралы» Астана қаласы
әкімдігінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі
№ 107-610 қаулысына толықтырулар
енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Астана қаласының Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесін «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне біріктіру жолымен қайта құру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 107-610 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы  23 мамырда № 814 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 мамырдағы  № 58 (3115) «Астана ақшамы» және 2014 жылғы 29 мамырдағы  № 57 (3133) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереженің 16-тармағы мынадай мазмұндағы 45), 46), 47), 48), 49) тармақшалармен толықтырылсын:
«45) негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруін және қамтамасыз етілуін ұйымдастырады және олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
46) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
47) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетеді;
48) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз етеді;
49) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді.».

2

2. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Э.А. Суханбердиеваға осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркегеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы