О внесении изменений в постановление акимата Зерендинского района от 17 марта 2014 года № 135 "Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Зерендинского района от 17 марта 2014 года № 135 "Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности"
- Атауы (қаз.)
- "Ауылдық жерде жұмыс істейтін және азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдар тізбесін айқындау туралы" Зеренді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 135 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 357
- Қабылданған күні
- 06.06.2014
- Көрсетілген редакция
- 15.01.2016 81075_184230.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14BN004247
- ЭКБ идентификаторы
- 81075
- Редакция идентификаторы
- 81075_184230
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:29
0 "Ауылдық жерде жұмыс істейтін және азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдар тізбесін айқындау туралы" Зеренді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 135 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18 бабының 2) тармақшасына және 238 бабының 3 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Ауылдық жерде жұмыс істейтін және азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдар тізбесін айқындау туралы» Зеренді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 135 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 4072 болып тіркелген, 2014 жылдың 18 сәуірінде «Зерен» және «Зерделі Зеренді» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Қоса берілген ауылдық жерде жұмыс істейтін және азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдар тізбесі айқындалсын»;
қосымшаның атауы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Ауылдық жерде жұмыс істейтін және азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдар тізбесі».
2 2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3 Зеренді ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 6 маусымдағы
№ 357 қаулысына
қосымша
Келісу парағы
Зеренді аудандық
мәслихатының хатшысы
Қ.Ауғалиев
____________________
«06» маусым 2014 жыл