О внесении изменений в решение районного маслихата от 17 апреля 2014 года № 149 "Об установлении единого размера социальной помощи к памятным датам и праздничным дням"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение районного маслихата от 17 апреля 2014 года № 149 "Об установлении единого размера социальной помощи к памятным датам и праздничным дням"
- Атауы (қаз.)
- "Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 149 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 206
- Қабылданған күні
- 10.06.2015
- Көрсетілген редакция
- 12.02.2016 91203_89539.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15CC004395
- ЭКБ идентификаторы
- 91203
- Редакция идентификаторы
- 91203_89539
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:41
0 «Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 149 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 149 «Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3851 тіркелген, 2014 жылғы 6 мамырда аудандық «Жұлдыз-Звезда газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы тоғызыншы абзацтағы «денсаулық сақтау мекемесінің тізімі бойынша» сөздері «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алға орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының тізімі бойынша» сөздерімен ауыстырылсын;
он екінші абзацтағы «аудандық білім бөлімімен» сөздері «Алға аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен» сөздерімен ауыстырылсын.