О внесении изменений в решение Алгинского районного маслихата от 17 апреля 2014 года № 151 «Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, работающим в сельских населенных пунктах Алгинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Алгинского районного маслихата от 17 апреля 2014 года № 151 «Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, работающим в сельских населенных пунктах Алгинского района»
- Атауы (қаз.)
- Алға аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 151 «Алға ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласының мамандарына жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 347
- Қабылданған күні
- 13.03.2020
- Көрсетілген редакция
- 13.03.2020 140595_449645.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20CC006900
- ЭКБ идентификаторы
- 140595
- Редакция идентификаторы
- 140595_449645
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:40
0
Алға аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 151 «Алға ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласының мамандарына жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26 бабына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Алға аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 151 «Алға ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласының мамандарына жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3888 тіркелген, 2014 жылы 12 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы мен 1 тармағы жаңадан келесі редакцияда жазылсын:
«Алға ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласынының мамандарына жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгілеу туралы»;
«Алға ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін».