Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата города Алматы от 17 апреля 2014 года № 2/258 "Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении "Аппарат акима города Алматы"

Қаулы · № 4/665 · қабылданған 22.12.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2014-no-2258/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата города Алматы от 17 апреля 2014 года № 2/258 "Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении "Аппарат акима города Алматы" Күшін жойған Қаулы ·№ 4/665 ·22.12.2015
11.08.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.08.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата города Алматы от 17 апреля 2014 года № 2/258 "Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении "Аппарат акима города Алматы"

Күшін жойған Қаулы ·№ 4/665 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата города Алматы от 17 апреля 2014 года № 2/258 "Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении "Аппарат акима города Алматы"
Атауы (қаз.)
Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 2/258 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4/665
Қабылданған күні
22.12.2015
Көрсетілген редакция
11.08.2016 97755_Some(104145).kaz
Соңғы өзгеріс
11.08.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15R0001245
ЭКБ идентификаторы
97755
Редакция идентификаторы
97755_Some(104145)
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:53

0 Алматы қаласы әкімдігінің

«Алматы қаласы әкімінің аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
туралы Ережені бекіту туралы»
2014 жылғы 17 сәуірдегі № 2/258
қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 2/258 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1037 болып тіркелген, 2014 жылғы 3 мамырда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережедегі:
15 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«15. «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-2 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 38 бабына сәйкес белгіленген:
1) Алматы қаласы әкімі мен әкімдігін ақпараттық-талдау, құқықтық, ұйымдық, хаттамалық, құжаттамалық, материалдық-техникалық және өзге де түрде қамтамасыз ету;
2) қаладағы ішкі саяси және экономикалық ахуалды зерттеу және талдау, оның дамуын болжау, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың жұмысын талдау;
3) атқарушылық тәртіп жағдайына талдау жүргізу және қала әкіміне хабарлау;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және орталық мемлекеттік органдарының актілері мен тапсырмаларының, қала әкімдігі қаулыларының, қала әкімі шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
5) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасының шеңберінде сайлау өткізу мәселелері бойынша ұйымдастырушылық дайындықты және іс-шараларды өткізуді жүзеге асыру;
6) әкімшілік-аумақтық құрылыс, тіршілікті қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту, көлік инфрақұрылымы, аумақтық даму мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;
7) қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдауды жүзеге асыру, стратегиялық жоспарлау, болжау және дамудың болашақ бағыттарын дайындау;
8) әлеуметтік-мәдени саладағы қызметті үйлестіру;
9) өзара іс-қимылды ұйымдастыру және ведомствоаралық мәселелер, оның ішінде қала аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыспен күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және лаңкестіктің алдын алу мәселелері бойынша құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру;
10) қала әкімінің және аудандар әкімдерінің халықпен есеп беру кездесулерін өткізуін ұйымдастыру және үйлестіру;
11) қала әкімдігінің мәжілістерін, қала әкімі мен оның орынбасарларының, қала әкімі аппараты басшылығының кеңестерін, семинарлар мен өзге де іс-шараларды жоспарлау және оларға дайындалу мен өткізуді ұйымдастыру, мәжілістердің материалдары мен хаттамаларын ресімдеу мен таратуды жүзеге асыру;
12) Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, оның ішінде Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының қатысуымен іс-шаралар өткізу;
13) өзінің құзыреті шегінде Алматы қаласы әкімдігінің Регламентін сақтауды қамтамасыз ету;
14) қала әкімінің тапсырмасы бойынша қала әкімдігі мен әкімінің мүдделерін сотта білдіру және қорғау, прокурорлық назар аудару актілерін қарау;
15) мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
16) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың келесі бағыттар бойынша тиімділігін бағалау:
мемлекеттік қызметтерді көрсету;
персоналды басқару;
ақпараттық технологияларды қолдану;
17) «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мекемесінің ісін жүргізу және ұйымдастыру, оның ішінде құпия, арнайы байланыс, хат-хабарды өңдеу, нормативтік құқықтық актілердің талаптарына, құпия режиміне сәйкес болуын, «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына өткізу және нысан ішіндегі режимді қамтамасыз ету;
18) жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жетілдіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
19) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандар әкімдері аппараттарының, атқарушы органдардың қызметін үйлестіру, олардың жұмысын жетілдіру;
20) қала әкімінің бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау, қала әкімдігінің және әкімнің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
21) гендерлік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
22) кадр саясатын ұйымдастыру;
23) мемлекеттік наградалармен, қала әкімінің грамоталарымен марапаттауға ұсыну жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
24) қала әкімдігінің қаулыларының, қала әкімінің шешімдерінің және өкімдерінің жобаларының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігіне сараптама жасау;
25) нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу, сондай-ақ норма жасау қызметін үйлестіру;
26) қала әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз ету;
27) қала әкімдігі қаулыларының, қала әкімінің өкімдерінің және қабылдайтын шешімдерінің жобаларын, сондай-ақ «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарының қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де жақтарының қала әкімдігінің Регламентіне сәйкестігіне сараптама жүргізу, сараптама нәтижесі бойынша қорытындылар (анықтамалар) әзірлеу;
28) алқа билеріне кандидаттардың тізімдерін әзірлеу жұмысын ұйымдастыру;
29) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды қамтамасыз ету;
30) қала әкімінің қызметін ақпараттық қамтамасыз ету;
31) «электрондық әкімдік» жүйесін ақпараттандыру деңгейін көтеру және дамыту жұмысын ұйымдастыру;
32) мемлекеттік органның жұмысының сапасын көтеру және өнімділігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру;
33) жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру бойынша іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
34) әскери басқарудың жергілікті органдарына олардың жұмысына бейбітшілік уақытында және жұмылдыру жарияланған кезде жәрдемдесу;
35) әскери міндеттілерді броньдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
36) мемлекеттік органдарды және ұйымдарды жұмылдыру кезеңінде, соғыс жағдайында және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру;
37) жұмылдыру жоспарларын әзірлеу және бекіту;
38) уәкілетті органның аумақтық органымен бірлесе отырып, жергілікті масштабтағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды орындауды ұйымдастыру;
39) төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
40) бекітілген бюджетке сәйкес жергілікті бюджеттің төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнінде орындалуын қамтамасыз ету;
41) іс-қағаздарын кезең-кезеңмен мемлекеттік тілде енгізу;
42) «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қала әкімі жүктеген өзге де функциялар.».

2 2. «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1 1) Алматы қаласының әділет органдарына оның Құрылтай құжаттарына енгізілген өзгеріс туралы хабарласын;

2 2) осы қаулының интернет-ресурста орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3

3. «Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 2/258 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы М. Сембековке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы