О внесении изменения в постановление акимата Павлодарской области от 17 июля 2014 года № 244/7 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление по развитию языков Павлодарской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Павлодарской области от 17 июля 2014 года № 244/7 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление по развитию языков Павлодарской области»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 17 шілдедегі «Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттiк мекемесi туралы ереженi бекiту туралы» № 244/7 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 97/4
- Қабылданған күні
- 07.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 16.08.2017 88932_221253.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.08.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15P0004430
- ЭКБ идентификаторы
- 88932
- Редакция идентификаторы
- 88932_221253
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:35
0 Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы 17 шілдедегі
«Павлодар облысының тілдерді
дамыту жөніндегі басқармасы»
мемлекеттiк мекемесi туралы
ереженi бекiту туралы» № 244/7
қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органының үлгi ережесiн бекiту туралы» № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 17 шілдедегі «Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттiк мекемесi туралы ереженi бекiту туралы» № 244/7 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3908 болып тiркелген, 2014 жылғы 21 тамызда «Сарыарқа самалы» газетiнде, 2014 жылғы 21 тамызда «Звезда Прииртышья» газетiнде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттiк мекемесi туралы ережеде:
9-тармақтағы «Академик Сәтбаев көшесі, 136-үй» деген сөздер мен сандар «Қайырбаев көшесі, 32-үй» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын.
2 2. «Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттiк мекемесi заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.