Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение Жанааркинского районного маслихата от 17 апреля 2014 года № 30/192 «Об оказании социальной помощи»

Өзге акт · № 39/244 · қабылданған 17.01.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2014-no-30192/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение Жанааркинского районного маслихата от 17 апреля 2014 года № 30/192 «Об оказании социальной помощи» Күшін жойған Өзге акт ·№ 39/244 ·17.01.2023
03.11.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение Жанааркинского районного маслихата от 17 апреля 2014 года № 30/192 «Об оказании социальной помощи»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 39/244 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение Жанааркинского районного маслихата от 17 апреля 2014 года № 30/192 «Об оказании социальной помощи»
Атауы (қаз.)
Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 30/192 «Әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
39/244
Қабылданған күні
17.01.2023
Көрсетілген редакция
03.11.2023 178191_664447.kaz
Соңғы өзгеріс
03.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23HD002001
ЭКБ идентификаторы
178191
Редакция идентификаторы
178191_664447
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:39

0 Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі №30/192 «Әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңаарқа аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі №30/192 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2637 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»;
көрсетілген шешімінің 1- тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1.Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын»;
көрсетілген шешімнің 2-тармағы алып тасталсын;
көрсетілген шешім осы шешімінің қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

Жаңаарқа аудандық
мәслихатының
2023 жылғы 17 қаңтардағы
№ 39/244
шешіміне қосымша
Жаңаарқа аудандық
мәслихатының
2014 жылғы 17 сәуірдегі
№ 30/192
шешіміне қосымша
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

1

1. Осы Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік - еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі - Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

2

2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде Жаңаарқа ауданы әкімдігінің «Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

3

3. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

4 4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

5

5. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

6

6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу үшін өтініш беруші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес ақционерлік қоғамы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) осы Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса шығындарды өтеу қағидаларының 1 немесе 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Өтініш беруші оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу өтеу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және шығындарды өтеу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.

7 7. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері оқу жылы ішінде ай сайын әрбір мүгедектігі бар балаға екі айлық есептік көрсеткішке тең.

8 8. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудан бас тарту негіздері шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

Қолданыстағы