О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 17 октября 2014 года № 38 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет по делам спорта и физической культуры Министерства культуры и спорта Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 17 октября 2014 года № 38 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет по делам спорта и физической культуры Министерства культуры и спорта Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 38 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 228
- Қабылданған күні
- 30.06.2015
- Көрсетілген редакция
- 30.05.2016 92572_149532.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011791
- ЭКБ идентификаторы
- 92572
- Редакция идентификаторы
- 92572_149532
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:18
0 «Қазақстан Республикасы Мәдениет
және спорт министрлігінің Спорт
және дене шынықтыру істері комитеті»
мемлекеттік мекемесінің ережесін
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт Министрінің 2014 жылғы
17 қазандағы № 38 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 425 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 38 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9823 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпандағы № 38 (28516) «Егемен Қазақстан» газетінде және 2015 жылғы 27 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
13 «13. Комитеттің функциялары:
1) тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және келісім шарттарды әзірлеу;
2) дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге белгіленген заңнамалық тәртіпте құқықтық мониторинг жүргізу;
3) Комитет өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
4) Комитеттің кадрлық саясатында гендерлік теңдік қағидатын сақтауды қамтамасыз ету;
5) Комитеттің құзыретiне жататын мәселелер бойынша түсiндiру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
6) Комитеттің құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттау iс-шараларын жүзеге асыру;
7) жастар ұйымдарымен дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
8) жастар арасында дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;
9) заңнамада белгіленген шарттарда және тәртіпте әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасау, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау;
10) Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
11) «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;
12) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;
13) Қазақстан Республикасы Президентінің-Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын әзірлеу;
14) Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерде өткізілетін спорттық іс-шараларға даярлануы және қатысуы кезінде спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды,барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін материалдық қамтамасыз ету нормативін әзірлеу;
15) халықаралық спорттық жарыстар тізбесін, халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерін, спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлерінен ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелерін ақшалай ынталандыру төлемдері қағидаларын әзірлейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметіне олардың мөлшері туралы ұсыныс енгізу;
16) спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларын әзірлейді, Қазақстан Республикасының Үкіметіне олардың мөлшері туралы ұсыныстар енгізеді және олардың төленуін қамтамасыз ету;
17) спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін спорт түрлері бойынша бағдарламаларды бекіту;
18) спорттық федерацияларды аккредиттеу қағидаларын әзірлеу;
19) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша «Үздік спорт журналисі» атағын беру қағидаларын әзірлеу;
20) спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтерін әзірлеу;
21) ойын бизнесін ұйымдастырушының «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын әзірлеу;
22) лицензиардың электрондық тізілімін жүргізу;
23) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды) Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарына және басқа да халықаралық жарыстарға даярлау жөніндегі ұйымдастыру комитеттерінің құрамдары бойынша ұсыныс енгізу;
24) республикалық спорт медицинасы ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметінен босату;
25) ведомстволық статистикалық бақылаулар жүргiзу;
26) дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлауды, қайта даярлауды, олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;
27) аккредиттелген спорттық федерациялармен бірлесе отырып, спорт түрлері, оның iшiнде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлері бойынша, бұқаралық спорт бойынша, сондай-ақ ардагер спортшылар арасында республикалық және халықаралық жарыстар өткiзу;
28) жастардың қатысуымен спорт түрлері, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлері, бұқаралық спорт бойынша жарыстар өткізу;
29) дене шынықтыру және спорт саласындағы білім мен жетістіктерді, саламатты өмір салты қағидаттарын, оның ішінде жастар арасынан жоғары дәрежедегі спортшылардың қатысуымен насихаттауды жүзеге асыру;
30) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелерiн халықаралық спорттық жарыстарға даярлауды және олардың қатысуын ұйымдастырады және жүзеге асыру;
31) дене шынықтыру мен спорт саласындағы ғылыми зерттеулердi, олардың нәтижелерiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дене шынықтыру және спорт практикасына енгiзудi ұйымдастыру және үйлестiру;
32) спортта допингке қарсы іс-шараларды өткізуге бақылауды жүзеге асыру;
33) спортшылар мен жаттықтырушыларға: «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» спорттық атақтарын беру;
34) бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру;
35) республикалық және өңірлік спорттық федерацияларды аккредиттеудi жүзеге асыру;
36) спорт түрлері бойынша кешенді нысаналы бағдарламаларды және спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) спортшыларын даярлаудың жеке жоспарларын бекіту;
37) аккредиттелген республикалық спорттық федерациялардың ұсынысы бойынша спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамын жыл сайын бекіту;
38) аккредиттелген республикалық спорттық федерацияларыдың ұсынысы бойынша спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрi бойынша ұлттық құрама командаларының) бас жаттықтырушыларын және мемлекеттік жаттықтырушыларды лауазымға тағайындайды және лауазымынан босату;
39) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеуді жүзеге асыру;
40) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелерін халықаралық спорттық жарыстарға даярлау және оған қатысу кезінде сақтандыруды қамтамасыз ету;
41) республикалық аккредиттелген спорттық федерациялардың ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесін бекітеді және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;
42) дене шынықтыру- сауықтыру және спорт ғимараттарының тізілімін жүргізу;
43) халықаралық және республикалық спорттық жарыстарыдың ережелерін (регламенттерін) бекіту;
44) спорттық іс-шаралардың шығыстар құрылымын бекіту;
45) тиісті паралимпиадалық, сурдлимпиадалық, арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер әзірлейтін мүгедектерге арналған дене шынықтыру- спорттық үйымдардағы спорт түрлері бойынша оқу-жаттығу процесін, даярлық кезеңдерінің бағдарламасын бекіту;
46) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға спорттық медицина ұйымдарының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу (тоқтату) туралы ұсыныстар енгізу;
47) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының спорттық іс-шараларға даярлығын медициналық қамтамасыз етуге қатысу;
48) халықтың физикалық даму деңгейін айқындау;
49) ойын бизнесін ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын сақтауын, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
50) тиісті салаларда Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
51) Министрлік реттейтін салада мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу және бекіту;
52) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
19 «19. Комитет төрағасының өкілеттігі:
1) заңнамада белгіленген тәртіпте Комитет қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады (Комитет төрағасының орынбасарларын қоспағанда);
2) Министрліктің Жауапты хатшысына Комитет төрағасының орынбасарларын тағайындау мен қызметтен босату туралы, сондай-ақ оларды ынталандыру және тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ұсынымдар енгізеді;
3) іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілгін арттыру, ынталандыру, үстемеақылар төлеу және сыйақы беру, сондай-ақ Комитет қызметкерлерін (төрағаның орынбасарларын қоспағанда) тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;
4) Министрлікпен келісе отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен ведомстволық бағынастығы ұйымдар басшыларын тағайындайды;
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды, Комитет, қызметкерлерінің орындауы міндетті нұсқаулар береді;
6) Комитеттің Заң басқармасына жетекшілік етеді;
7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан әрекет етеді;
8) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шараларға дербес жауапты болады;
9) өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселер бойынша шешім қабылдайды.
Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.».