О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Экибастуза от 17 января 2014 года № 45/1 "Об организации общественных работ в городе Экибастузе на 2014 год"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Экибастуза от 17 января 2014 года № 45/1 "Об организации общественных работ в городе Экибастузе на 2014 год"
- Атауы (қаз.)
- Екібастұз қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы "Екібастұз қаласында 2014 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 45/1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 439/4
- Қабылданған күні
- 25.04.2014
- Көрсетілген редакция
- 25.04.2014 80168_174200.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.04.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14PC003823
- ЭКБ идентификаторы
- 80168
- Редакция идентификаторы
- 80168_174200
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:52
0 Екібастұз қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы "Екібастұз қаласында 2014 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 45/1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" № 836 қаулысымен бекітілген, Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережесіне сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы "Екібастұз қаласында 2014 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 17 ақпанда № 3694 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 ақпанда № 7 (1205) "Отарқа" және № 7 (3017) "Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланған) № 45/1 қаулысына (бұдан әрі – қаулы) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
қаулының 1-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес "28" жолымен толықтырылсын;
қаулының 2-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес "28" жолымен толықтырылсын;
2-қосымшадағы 17 - жолда "Сұраным (жұмыс орындарының жарияланған қажеттілігі)" 3, "Ұсыныс (жұмыс орындары бекітілді)" 4-бағандарындағы "10" сандары "20" сандарымен ауыстырылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөнінде жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 2014 жылға қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және нақты жағдайлары, еңбек төлемінің мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi
Екібастұз қаласы әкімдігінің
2014 жылғы "25" сәуір
№ 439/4 қаулысына
1-қосымша
2014 жылға қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі,
қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және нақты жағдайлары,
еңбек төлемінің мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi
р/с №
Ұйымдар тізбесі
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Қоғамдық жұмыстардың көлемi және нақты жағдайлары
Қатысушылар дың еңбек төлемінің мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi
1
2
3
4
5
28.
Екібастұз қаласы әкімдігінің, Екібастұз қаласы Шідерті кенті әкімі аппаратының № 11 "Қарлығаш" бөбектер бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Қосалқы жұмыстар
Вахтада кезекшілік ету – жылына 1960 сағат Икемді жұмыс кестесімен 8 сағаттық жұмыс күні, жұмыс уақытының ұзақтығы – бір аптада 40 сағаттан аспайды
2014 жылға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленгенең төменгі еңбекақы, жергілікті бюджет
5 2014 жылға қоғамдық жұмыстарға сұраным мен ұсыныс
Екібастұз қаласы әкімдігінің
2014 жылғы "25" сәуір
№ 439/4 қаулысына
2-қосымша
2014 жылға қоғамдық жұмыстарға сұраным мен ұсыныс
р/с №
Ұйымдар тізбесі
Сұраным (жұмыс орындарының жарияланған қажеттілігі)
Ұсыныс (жұмыс орындары бекітілді)
1
2
3
4
28.
Екібастұз қаласы әкімдігінің, Екібастұз қаласы Шідерті кенті әкімі аппаратының № 11 "Қарлығаш" бөбектер бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
1
1