Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата от 17 марта 2014 года № 65 "Об организации общественных работ на 2014 год"

Қаулы · № 233 · қабылданған 06.08.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2014-no-65-2014/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата от 17 марта 2014 года № 65 "Об организации общественных работ на 2014 год" Қолданыста Қаулы ·№ 233 ·06.08.2014
06.08.2014 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.08.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата от 17 марта 2014 года № 65 "Об организации общественных работ на 2014 год"

Қолданыста Қаулы ·№ 233 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата от 17 марта 2014 года № 65 "Об организации общественных работ на 2014 год"
Атауы (қаз.)
Әкімдіктің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 65 "2014 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
233
Қабылданған күні
06.08.2014
Көрсетілген редакция
06.08.2014 82735_155118.kaz
Соңғы өзгеріс
06.08.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14NP005046
ЭКБ идентификаторы
82735
Редакция идентификаторы
82735_155118
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:52

0 Әкімдіктің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 65 "2014 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Науырзым ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 65 "2014 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4597 тіркелген, 2014 жылғы 19 мамырда "Науырзым тынысы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т. Исмаиловқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.

4 Әкімдіктің

2014 жылғы 6 тамыздағы
№ 233 қаулысына қосымша
Әкімдіктің
2014 жылғы 17 наурыздағы
№ 65 қаулысына қосымша
2014 жылға арналған ұйымдардың тізбесі,
қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен
нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын
жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының
мөлшері және оларды қаржыландыру көздері

Кәсіпорынның атауы
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Қоғамдық жұмыстардың көлемі, сағатпен
1
Науырзым ауданы әкімдігінің "Наурзум сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Қарамеңді ауылының аумағында абаттандыру, көгалдандыру және жасыл алқаптар мен гүлзарларды күту жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету
20520
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Буревестник ауылының аумағында абаттандыру, көгалдандыру және жасыл алқаптар мен гүлзарларды күту жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету
3024
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Раздольное ауылының аумағында абаттандыру, көгалдандыру және жасыл алқаптар мен гүлзарларды күту жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету
3024
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Өлеңді ауылының аумағында абаттандыру, көгалдандыру және жасыл алқаптар мен гүлзарларды күту жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету
3024
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Шолақсай ауылының аумағында абаттандыру, көгалдандыру және жасыл алқаптар мен гүлзарларды күту жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету
3024
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Шилі ауылының аумағында абаттандыру, көгалдандыру және жасыл алқаптар мен гүлзарларды күту жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету
3024
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Қожа ауылының аумағында абаттандыру, көгалдандыру және жасыл алқаптар мен гүлзарларды күту жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету
3024
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Дәмді ауылының аумағында абаттандыру, көгалдандыру және жасыл алқаптар мен гүлзарларды күту жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету
3024
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін Мереке ауылының аумағында абаттандыру, көгалдандыру және жасыл алқаптар мен гүлзарларды күту жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету
1672
Кестенің жалғасы:

Кәсіпорынның атауы
Қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары
Еңбегіне төленетін ақы
Қаржыландыру көзі
1
Науырзым ауданы әкімдігінің "Наурзум сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен ескерілген шектеулерді ескере отырып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен.
Ең төменгі жалақының 1,5 мөлшері
Науырзым ауданының бюджеті

Қолданыстағы